Сенбі, 14 Наурыз 2026 17:38

Қамқор әке – бақытты балалық шақ

Жуырда балам білім алатын Есік қаласындағы №6 қазақ орта мектеп-лицейінде «Қамқор әке – бақытты балалық шақ» атты аудандық форум өтіп, оған ата-ана ретінде қатысып, ерекше әсер алып қайттым. Тағылымға толы бұл шараға аудан мектептерінің мұғалімдері, оқушылар және олардың әкелері жиналды.

Форум басталмас бұрын Есік қаласындағы Оқушылар үйі ұйымдастырған ауқымды көрме көпшілік назарына ұсынылды. Көрмеде оқушылардың химия, физика, технология, қолөнер және робототехника сынды басқа да бағыттарындағы түрлі жобалары мен шығармашылық жұмыстары қойылды. Жас жеткіншектердің ізденісі мен таланты көрінген бұл көрме келушілердің қызығушылығын тудырып, жас буынның білімге деген құштарлығын айқын аңғартты.

Кейін іс-шара салтанатты түрде басталды. Форумның ашылуында №6 қазақ орта мектеп-лицейінің директоры Олжас Беспаев, аудан әкімінің кеңесшісі Бақытбек Сақалов және аудандық білім бөлімінің әдіскері Нұржалғас Әскербек сөз сөйлеп, әкенің отбасы мен бала тәрбиесіндегі орны туралы тағылымды ойларын ортаға салды. Олар бала өмірінде әкенің рөлі айрықша екенін атап өтіп, қатысушыларға ізгі тілектерін жеткізді.

Шара барысында мектептің дарынды оқушылары ән айтып, би билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әсіресе әкелерімен бірге орындаған әндері мен шағын қойылымдары көрермендердің жүрегіне жылулық ұялатты.

Форум аясында арнайы дайындалған кабинеттерде мазмұнды кездесулер мен ашық форматтағы сабақтар ұйымдастырылды. Оған ата-аналар мен оқушылар белсенді қатысты. Мен қатысқан кабинет телестудия үлгісінде безендіріліп, мектептің түрлі жетістіктерге жеткен оқушылары мен олардың әкелері арасында әсерлі сұхбат өтті. Көрермендермен бірге әке мен бала тақырыбында қызықты ойындар ұйымдастырылып, жүрекке жылы тиетін әңгімелер айтылды. Сол сәтте көпшіліктің көзіне жас алып, ерекше толқығанын байқадым. Шынында да, бұл шара әкенің беделін арттырып, оның бала өміріндегі орнын тереңірек ұғындыруға бағытталғаны анық сезілді.

Форум қатысушылары қайтадан үлкен залға жиналып, әкелер арасында интеллектуалдық ойын өткізілді. Шараның құрметті қонағы – отбасы құндылықтары мен әке тәрбиесі тақырыбын терең зерттеп жүрген қоғам қайраткері, «Отбасы хрестоматиясы» және «Балалықтан даналыққа» кітаптарының авторы Сейілбек Мырзабай болды. Ол мазмұнды баяндамасында қазақы тәрбие мен отбасылық құндылықтардың маңызын айтып, әкелерге ой салатын тың пікірлерімен бөлісті.

Бұл форум әрбір қатысушының жүрегіне ой салып, әке жауапкершілігінің мәнін терең сезіндіре түскендей болды. Ата-ана ретінде осындай тағылымды шараға куә болып, ерекше әсер алғанымды жасырмаймын. Баланың бақытты балалық шағы, ең алдымен, отбасының берекесіне, әкенің қамқорлығына байланысты екенін тағы бір мәрте түсінгендей болдым. Осындай мазмұнды кездесулер қоғамда әке беделін арттырып, отбасы құндылықтарын дәріптеуге зор үлес қосатыны сөзсіз.

 

Ерасыл Дулатханұлы,

№ 6 қазақ орта мектеп-лицейі,

3 «Ә» сынып оқушысының ата-анасы.

 

Оқылды 30 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Отан қорғау – қасиетті парыз

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет