Құрметті жерлестер!
Бүгін еліміздің болашағы үшін маңызды саяси науқан – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға арналған референдумда өз таңдауымды жасап, дауыс бердім.
Мұндай маңызды күнде әр азаматтың белсенділігі айрықша мәнге ие. Себебі ел тағдырына бей-жай қарамайтын әрбір жанның пікірі мен таңдауы – мемлекетіміздің ертеңін айқындайтын маңызды қадам.
Баршаңызды азаматтық белсенділік танытып, ел болашағы үшін маңызды шешім қабылдауға атсалысуға шақырамын.
Көктөбе ауылдық округінің
ақсақалдар алқасының төрағасы
Совет Смадылов




