Құрметті жерлестер!
Бүгін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мақсатында өтіп жатқан республикалық референдумда өз таңдауымды жасап, дауыс бердім.
Бұл – еліміздің болашағына қатысты маңызды саяси науқан. Әрбір азаматтың белсенді қатысуы мемлекетіміздің дамуына, қоғамымыздың тұрақтылығы мен бірлігіне өз үлесін қосады деп сенемін.
Еліміздің ертеңіне бей-жай қарамайтын барша азаматтарды референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырамын.
Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының депутаты
Камшат Карагулова




