Бейбіт күннің батыры, ғасыр жасаған абыз ақсақал еліміздің болашағы үшін маңызды саяси науқанда көш басынан көрінді.
Алға ауылындағы №187 референдум учаскесіне 102 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Солтанбай Жарықбасов атамыз келіп, өз таңдауын жасады. Ғасыр жасаған қария ел болашағына бейжай қарамай, маңызды саяси науқанда азаматтық белсенділік танытты. Қазыналы қарттың бұл қадамы – кейінгі ұрпаққа үлгі, ел тағдырына деген жауапкершіліктің айқын көрінісі. Батыр атамыздың өнегелі өмірі, еліміздегі әрбір саяси кезеңдегі әрекеттері, ұрпақ тәрбиесіндегі істері қашан да биік мәнге ие болып келеді.




