Дауыс беруге келген тұрғындар ұлттық қолөнер туындыларын тамашалап, мерекелік көңіл күйге бөленді.
Ұлттық құндылықтарды насихаттаған бұл көрме көпшіліктің қызығушылығын тудырып, референдум күніне ерекше мазмұн қосты.
Д.Шоқпаров атындағы қолөнер музейінің директоры Дәулет Шоқпаровтың айтуынша, мұндай шаралар ел өміріндегі маңызды саяси науқанға деген құрметтің белгісі әрі ұлттық мұраны дәріптеудің бір жолы.




