Жексенбі, 15 Наурыз 2026 10:45

ЖАС ОТБАСЫНЫҢ ТАҢДАУЫ

Еңбекшіқазақ ауданында референдумға ақсақалдар да, жастар да қатысып, ұрпақтар сабақтастығы мен олардың арасындағы ажырамас байланысты айқын көрсетуде.
Есік қаласындағы №125 учаскеде жас отбасы — Айзат Дәуке мен Айнұр Жұмабай дауыс берді. Бір қызығы, жақында ғана ресми түрде некесін тіркеген жас жұбайлар дәл осы күні мешітте неке қию рәсімін өткізуді де ұйғарған.

Учаскеге Айзат пен Айнұр қол ұстасып, қуанышқа толы көңіл күймен келді. Отбасы басшысы, APL Construction газбен қамту компаниясында жұмыс істейтін Айзаттың айтуынша, олардың бірге дауыс беруі сол күні қабылдаған жеке ғана емес, қоғамдық маңызы бар шешімдердің де мәнін айқындай түседі.
— Бүгін біз бірге таңдау жасап отырмыз. Осы арқылы тек өз тағдырымызды ғана емес, болашақ балаларымыздың да болашағын айқындаймыз. Бұл біз үшін өте толқытатын сәт. Тәуелсіз Қазақстанның дұрыс бағытын қолдап, референдумда дауыс бергенімізді мақтан тұтамыз. Мұндай маңызды оқиғалар әрбір азаматқа қатысты деп санаймыз. Бұл — біздің таңдауымыз әрі жауапкершілігіміз, — деп бөлісті жас жұбайлар.

Комиссия мүшелері жас жұбайларды жылы қарсы алғаннан кейін, олар тіркеу рәсімінен өтіп, бюллетеньдерін алды. Сол сәтте учаскеде болған Есіктік тұрғындардың айтуынша, олардың бір-біріне деген ілтипаты мен қамқорлығы бірден көпшіліктің ықыласын оятып, жүздеріне күлкі сыйлады.
Дауыс бергеннен кейін Айзат пен Айнұр осы маңызды күнді есте сақтау үшін бірге суретке түсті. Бұл сәт отбасы үшін ерекше мағынаға ие болды. Өйткені ол ел болашағы ең үлкен буыннан бастап ең жас азаматтарға дейін барлығының қолымен қалыптасатынын еске салатын символдық көрініс еді.

P.S. Еңбекшіқазақ ауданындағы жас жұбайлар отбасылық өмірдің жаңа кезеңін азаматтық борышын орындаумен ұштастыруды жөн көрді. Олар үшін, барлық қазақстандықтар сияқты, ел өміріндегі маңызды сәттерден шет қалмай, өз дауыс беру құқығын пайдалану аса маңызды.

Оқылды 51 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет