Түрген ауылдық округінде референдум күні ерекше мерекелік атмосферада ұйымдастырылуда. Округ аумағындағы референдум учаскелеріне келген тұрғындарды ауыл жастары мен мәдениет қызметкерлері жылы жүзбен қарсы алып, ұлттық дәстүрге сай құрмет көрсетуде.
Учаскелерге келген ауыл тұрғындарына бауырсақ ұсынылып, әсем ән мен күмбірлеген күй шырқалуда. Мұндай жылы қарсы алу халықтың көңіл-күйін көтеріп, маңызды саяси науқанға келген азаматтарға ерекше әсер қалдыруда.
Ұлттық нақышта ұйымдастырылған бұл шара ауылдағы бірлік пен татулықтың, ынтымақтың айқын көрінісіне айналды. Ауыл жастары мен мәдениет қызметкерлері тұрғындарды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алып, халқымызға тән қонақжайлық пен кең пейілділікті тағы бір мәрте көрсетті.
Ауыл халқы да азаматтық белсенділік танытып, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға белсене қатысуда. Референдум учаскелеріндегі мерекелік атмосфера мен ұлттық дәстүрге сай қарсы алу шаралары тұрғындарға ерекше әсер қалдырып, бұл күнді ауыл өміріндегі айтулы сәттердің біріне айналдыруда.




