«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы, Алматы облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев республикалық референдумда өз таңдауын жасап, Қонаев қаласындағы №949 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Ол белгіленген сайлау учаскесіне келіп, азаматтық борышын орындап, ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқанға қатысу әр азаматтың жауапкершілігі екенін атап өтті.
«Бүгін референдумға келіп, өз таңдауымды жасадым. Мұндай маңызды күндері әр азамат елдің болашағына бейжай қарамай, өз пікірін білдіруі керек», – деді Қуат Байғожаев.
Айта кетейік, 15 наурыз күні Қазақстанда республикалық референдум өтіп жатыр. Дауыс беру учаскелері таңғы сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.




