Бүгін еліміз үшін маңызды саяси науқан – референдумда түрлі этнос өкілдері белсенділік танытуда. Солардың қатарында орыс этномәдени бірлестігінің өкілдері де бар.
Ұлттық нақыштағы киімдерін киіп келген бірлестік мүшелері №196 дауыс беру учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады. Олар бұл маңызды шараға бейжай қарамай, азаматтық жауапкершіліктерін көрсетіп, ел болашағына қатысты пікір білдірді.
Бірлестік өкілдерінің айтуынша, мұндай тарихи сәттерде әрбір азаматтың дауысы маңызды. Сондықтан олар халықтық референдумға белсенді қатысып, бірлік пен татулықтың үлгісін көрсетті.




