Бүгін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мақсатында өтетін референдумда өз таңдауымды жасап, 80 асқан анаммен бірге дауыс бердік. Әрбір қадамымыз – еліміздің болашағына қосқан үлесіміз. Сол сәтте жүрегімде елге деген мақтаныш сезімі мен келешек ұрпаққа деген жауапкершілік арта түсті.
Бұл күні әрбір дауыс маңызды. Жастарымыз бен келешек ұрпақ үшін өз таңдауымызды жасау – біздің парызымыз.
Еңбекшіқазақ аудандық «AMANAT» партиясы филиалының төрағасы
Бағдат Рахимов




