Жұма, 25 Қыркүйек 2015 12:41

Мола ма, қала ма?

Бүгінде әрбір ауыл сыртындағы бейіттер кейпі бейне бір қала секілденуде. Тіпті онда тірі адамда жоқ зәулім үйлер де бар. Өзі несие алып, несібе табудың амалын ойлап жүрген адам, әлгі зәулім зираттарға қарап о, дүниеге жүріп кеткісі де бар. Енді ше, ол – ысыраптың нағыз көкесі көмілген жер...

Жақында әлдебір танысымыз қолы жүріп байыған-тын. Көршілес Қытай мемлекетімен сауда-саттық жасай жүріп аз күнде-ақ май асаған әлгі таныс көлік мінді, үй салды. Зәулім коттедж әрі алып-ұшқан көлік, ақша бәрі-бәрі қабаттаса келіп таныстың мінезі бір-ақ күнде өзгеріп салды. Тіпті, бұрындары емін-еркін араласып жүретін біз, үйіне кіріп-шығудан қалдық. Сынап әрі мінеп тұратындай. Бір күндері тіптен бармайтын болдық. Әкеме барайық десек, «әй, қойшы соны» деп қолын бір сілтейді. Сөйтіп, арадағы қатынас та үзілді. Десек те, бала күнінен бірге өскен жан досы болғандықтан әкем аракідік қоңырау шалатын-ды. Жаны ашығаннан болар.

 

Бір күндері әлгі танысымыз өмірден бұрын өткен әкесі жатқан бейіт басын жаңартып жатыр екен деген хабар жетті.

Әкем бірден қоңырау шалып бейітті жаңартпайтындығын айтты. Алайда, көнбеген досы көре алмай жатырға жорып әкесі жатқан бейіт басына зәулім сарай салып үлгеріпті. Оның айтуынша өзгелерде өлген туыстарының басына нендей керемет кесенелер салып жатыр. Бірақ мұсылмандық қағидаттарға жат қылықты жақтаған ешкім болған жоқ. Арада бір жыл өтпей әлгі танысымыздың қатты науқасқа шалдыққанын естідік. Бар байлығын ем жолында құрбан етіп Израильге барып қайтқан. Бүгінгі күні өздігінен жүре алмайтын күйде. Мұны естіген әкем көңілін сұрамақ ниет-пен үйіне барды. Әлгі таныс әрең сөйлеп, алдымен Алладан кейіннен әкемнен кешірім сұрап, еңкілдеп жылай берген екен. Бұл көз көрген бір ғана оқиға.

Қазақ елі өз Тәуелсіздігін алды. Мұның жолында сансыз боздақ сар далада көмусіз де қалды. Бір қарыс жер үшін бір боздақтың құрбан болғандығын ата тарих та айтып жатыр. Тәубе, солардың арқасында осы күнге жеттік. Десек те байлықты ысырап жасау, бейіт басына қала салу деген сұмдық көріністің көз алдымызда белең алуы әрине, бұрыс дүние. Өлілер артында қалған ұрпақтарынан тек қана Құран дәм ететіні ақиқат. Пайғамбарымыздың хадистерінде өлген жанның ұрпағы Құранды түгелдей жаттап алып, үнемі бағыштаумен болса, өлген жанға алтыннан тәж кигізіліп, жұмақтан сарай салынатындығын айтқан. Демек, ысырап – Алла сүйметін іс.

Елімізде әлеуметтік аз қамтылған отбасылар және мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Тіпті, қыстың күні қар кешіп 10-15 шақырым жол жүріп мектепке қатынайтын оқушыларды және сондай елді-мекендердің барын да білдік. Шіркін-ай дедік сонда.... Әлгі бейітке жұмсалған береке дәл осы қайырымдылық жолына неліктен жұмсалмай жатыр? Бейіттерге қарап берекеміз баршылық екенін көрсек, қайыр сұраған қандастарымызға қарап барды ұқсата алмай отырғанымызды түсінесің.

Жақында әлдебір танысы-мыздың егде жасқа келген туы-сы қайтыс болды. Аяқ асты о дүниелік болған кісіні туыстары жерлейтін жер таппай дал болады. Алматы қаласындағы «Кеңсай» атты қорымға жерлемек болған олар екі метр жердің 50 мың доллар тұратындығын естіп, есі шыққан. Сондай-ақ, мұны таныс арқылы тапқан. Ал толық бағасы 100 мың доллар. Ол жерден топырақ бұйырсын десеңіз 100 мың долларыңызды сайлай бергейсіз, оқырман.

Бүгінде мынандай жағымсыз көріністерге де куә болып жүрміз. Түрік, шешен, қазақ ұлыстары бір ауылдың тұрғыны әрі мұсылмандар бола тұра өлген туыстарын әр бөлек жерлеуде. Түрік бөлек... шешен бөлек... қазақ бөлек... «Бөлінгенді бөрі жейді» дейді халық нақылы. Бұл қылық мұсылмандыққа жат екендігі айқын. Қара жер қазақсың ба, түріксің бе, шешенсің бе қарамайды. Жалғыз сәтте жұта салады. Көмілген, барзақ әлеміне сапар шеккен әруақтан тек қана иманы сұралады. Раббың кім? Пайғамбарың кім? Дінің қандай? Раббысының разылығын алған, мейірім шапағатына бөленген пенде жұмақтың қақпасын қақпақ. Оған сіз салған зәулім сарай қайта ауырлық ететінін ескеріңіз, оқырман. Құран жаттаңыз да бағыштай біліңіз.

Хадистерде өлген адамның ұрпағы құран жаттап, бес уақыт намазын оқыса оның сауабы өлген адамға тиетіндігін айтқан. Бұл артыңа тәрбиелі иманды ұрпақ қалдыруды өсиет етсе керек. Ал зәулім сарай салу бұл имандылықтың көрінісі емес. Бейіттер бейіт күйінде қалғай, қала кейпіне енбей.

Ә.МАНАСБЕК.        

Оқылды 5770 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…
Қаз 23, 2025

Кітап оқу – өркениет кепілі

Қоғамның нағыз рухани құндылықтан ажырап, алақандай смартфонға бар уақытын сарп етіп…
Қаз 23, 2025

Құрметті мамандық

Рухани-мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз…
Қаз 23, 2025

Әлеуметтік сала – ізгіліктің алтын…

Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, адамдардың…
Қаз 23, 2025

Ұлттық өркендеу жолы

XXI ғасыр – цифрлық революция заманы. Бүгінде әлемдегі барлық салалар цифрлық…
Қаз 23, 2025

Әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Таза әйнек — үйдің, автокөліктің де ажары. Дегенмен, әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет