Бейсенбі, 15 Қазан 2015 12:05

Қариялар жұмысы жүйелі

Жақында қала әкімдігінің мәжіліс залында аудандық ардагерлер ұйымының есептік жиыны өтті. Онда ұйым төрағасы Дамир Тұяқбайұлы жыл бойы атқарылған жұмыстар жөнінде есебін берді.

 

Есік қаласының әкімі Бауыржан Бименов ардагерлер қауымын атаулы Қарттар күнімен құттықтай келе, осы жылы өмірден өткен қарияларды бір минут үнсіздікпен еске алуды ұсынды.

Дамир Тұяқбайұлы ардагерлер қауымының қоғамның саяси және мәдени-әлеуметтік дамуында алар орны ерекше екендігін атап өтті. «Қариялы ел – дариялы ел» дейді халық даналығы. Ендеше, қариялар қашанда керек» – дей келе, толыққанды есебін берді ұйым төрағасы. Оған қарттар қауымы бірауыздан қанағаттанарлық деген бағасын берді. Ардагерлер ұйымының төрағасы болып, ардагерлер қауымының толық қолдауымен Дамир Тұяқбайұлы қайта сайланды. Аудандық ардагерлер ұйымы құрамы 11 адаммен толықты. Оны ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бөкен Құсайынов жариялады. Жиыннан көңілді қайтқан ардагерлер қауымы келесі күні Есік қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Шаңырақ» атты мейрамханада бас қосты.

Онда қала әкімі Бауыржан Бименов ақ тілегін арнаумен қатар қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлесін қосқан Сағадат Сәлімбаевты, Роза Исатаеваны, Дамир Тұяқбайұлын, Ұлжан Жолаеваны және өзге де еңбегі елеулі тұлғаларды арнайы Алғыс хаттармен марапаттады. Ән мен би, кең дастархан қарттар көңілін көкке өрлетті бұл күні.

Ә.МАНАСБЕК.

Оқылды 4971 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет