Бейсенбі, 22 Қазан 2015 12:38

Көпшілік көкейіндегі кейіс

«Кімде-кім қанағатсыздықты мұрат етсе, тозақ отынан өзіне орын

дайындай берсін. Байюы да, кедейленуі де оның қанағатына байланысты».

Мұхаммед Пайғамбарымыз /с.ғ.с./ хадисінен.

Бір жылда бағаның бірнеше рет құбылып, тұтыну құнының өсуі дағдыға айналғанда, алыпсатарлар мен пысықай пенделер арзанға алғанын қымбатқа өткізудің сан сылтауын табудың шебері болып алды.

Сылтаудың салдары көп. Не болды? Жанар-жағар май қымбаттады, теңге құнсызданды, жалақы мен зейнетақы төлемі өсті. (Оның қымбатшылық, инфляция салдарынан амалсыз өсіруге мәжбүрлегенін біле тұра ескермейді). Тіпті болмаса, маусымға, ауа райының құбылуына байланысты бағаның «байламы» босатыларына не жорық. Оған мысал ма? Жетерлік. Дәлелге Алматыдан Шелек жаққа такси кешке қарай, сенбі, мереке күндері, қысты күндері қар борап, жол тайғанақ кездері бағаны өз қалауларынша көтеріп алатынын қайтерсің. Қымбат төлеген жолаушыны аман-сау жеткізетініне кепіл болатындай. Отын-көмір бағасы да ай сайын мың құбылып тұрады. Қаржысы барлар жаз айында арзан кезінде керегінше алып алады. Ал жағдайы жоқтар шайлыққа әрең жетер айлығынан үнемдеп, ақша жинағанша көмір бағасы да бірнеше мың теңгеге өсіп кетеді. Амал жоқ, аласың сапасыз болса да. Өйткені, таза көмірге ескі майдасын араластырып жібереді. Тұрғындардың көбі арбалауға ақшасы болмағандықтан, дорбалап алуға мәжбүр. Ал қапшықтап сату – алыпсатарларға орасан пайда. Таразыдан, салмақтан жеуді айтпағанда.

Тауар өткізуден гөрі, баға өсіру бәсекесі өріс алған. Алыпсатарларға қазіргі доллар бағасының күрт өсуі тұтыну тауарларының негізсіз қымбаттауына тағы бір сылтау болды. Оған да дәлел бар. Дүкендердегі үй жиһаздары қымбаттап шыға келді, не дейсің бұған енді. Бір танысым ақшасын жиып,  алам ба деп жүрген жиһаз 148 мың теңгеден 178 мыңға өсіп кеткенін айтып қынжылды. Ал бизнес көзіне айналған дәрі-дәрмек бағасы ауылдағы 20-дан аса дәріханада бірінен бірі қымбат. Яғни, бір дәрінің бағасы әр дәріханада әртүрлі. Сонысына қарағанда сапасы да сенімді болса ғой. Айта берсең, ақша табудың айласы таусылмайды.

Доллардың қымбаттауы төл теңгемізді төрге шығаруға мүмкіндік туғызатын төте жол емес пе? Қашанғы біз өз елімізде тұрып, жер шарының арғы бетіндегі АҚШ долларымен есептесіп, саудаласамыз? Бізде әлі жылжымайтын, жылжитын  /үй, ғимарат, жер телімі, авто көлік, тағы басқа/ мүліктерді доллармен есептеседі. Доллармен несиеге автокөлік, үй  сатып алған адамның қарызын енді екі есе артық төлеуге мәжбүр болғаны жайлы теледидардан көрсетті. Сондай шығынға батып, шырғалаңнан шыға алмай жүргендері қаншама?! Бұдан кім ұтты, кім ұтылды? Әрине, қаржысы жоқ, жалақы мен зейнетақыға күні қараған қарапайым халық ұтылды. Ал алыпсатарлардың асығы алшысынан түсті.

Көпшілік көкейінде жүрген бұл – мезгіл мәселесі. Уақытша қиындық та өтеді. Тек төл теңгемізбен ғана саудаласатын кез келгенін түсінуіміз керек. Сонда ғана елдігіміз де, еңсеміз де биік болады.

Анарбек БЕРДІБАЕВ.


Оқылды 5074 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Көпшілік көкейіндегі кейіс Қариялы ел – дариялы ел »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет