Бейсенбі, 05 Мамыр 2016 12:45

Татулық, бірлік, келісім — асыл қазына ел үшін!

«Тірлік басқа болса да тілек бір, саусақ бөлек болса да білек бір». Бәйдібек би бабамыздың осынау ұлағатты ойы ғасырлар сүрлеуінен сүрінбей, жылдар желісімен қайта жаңғырғанына көзіміз куә һәм өзіміз куә. Одан әріге көз салсақ «Тату елге – тыныштық пен тоқшылық нәсіп» деген Күлтегін. Беріге мойын бұрсақ «Бізде бірлік болып, іс қыла білетін шебер табылса, Алаштың баласы бақыт-махаббат жолына түсті» деген Әлихан Бөкейхановтың арманы бүгін орындалды емес пе? «Татулық арқылы – тұтастыққа қол жеткіздік» деген Көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы ел тізгінін қолына алды. Өрлеу мен өркендеудің сыры – бірлікте екеніне әлемнің назарын аудартты. Қазақстан халқы ассамблеясының 24-ші сессиясында Елбасымыз «Мәңгілік ел» патриоттық актісін қабылдағанда да: «Мәңгілік ел, бұл – Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім» деп астын сызып атады. Демек, асқақ арман жолындағы әр қадамымызда тұрақтылық тұтқасына сүйенбесек, сүрінетініміз тағы бар. Себебі, қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол – бірлік.

 

Есіктегі орталық алаңда бас қосқан барша жұрт алдында аудан әкімі Бинәлі Әбдіқапасұлы бұл турасында кеңінен әңгіме қозғады. Сондай-ақ, бірлік күнімен астасқан «Тәуелсіздіктің шежіресі. Жасампаздықтың әр жылы» атты жастар форумымен барша жұртты құттықтады.

–  «Татулық — табылмас бақыт» демекші, баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлік күні мерекесімен және осындай шаттыққа толы сәтпен бірге өткізіліп отырған «Тәуелсіздік шешіресі. Жасампаздықтың әр жылы» атты жастар форумымен шын жүректен құттықтаймын!

Өздеріңіз білетіндей, 2016 жыл Қазақстан халқы үшін өте үлкен тарихи маңызға ие киелі жыл болмақ. Себебі, ұлы дала аманатын арқалап, құлашын кеңге жая көк аспанның төрінде қалықтаған алтын қыран іспеттес қасиетті Отанымыз – Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25 жыл толмақ. Бұл – тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт.

Ұлы Жамбыл ақынның «Жігерлі болса ер болар, бірлікті болса ел болар» деген сөзі бар. Расында, Тәуелсіздік атты азаттықтың арайлы таңынан бергі осындай аз уақыт ішінде біздің ең ұлық, баға жетпес құндылықтарымыздың негізі қаланды. Сондықтан да, бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті біздің бүгінгідей барша әлемге танытқан Елдік болмысымыздың кепілі.

Сондықтан еліміздің болашағын, яғни келер ұрпақтың баянды ғұмыр кешуі үшін біздер әлі де талмай еңбек етуіміз қажет. Бұл орайда ел ішіндегі жарастығымыз, татулығымыз да алдағы жетістіктердің бастауы болмақ. Сондықтан да алдағы ортақ мақсатқа жетудегі ұйымшылыдығымыз, бірлігіміз арта берсін.

Кейіннен облыстық жастар ресурстық орталығының директоры, облыстық мәслихат депутаты  Айдын Нұрмұханбетов мінберге көтеріліп, ізгі тілегін білдірді. Оның айтуынша, соңғы 3-4 жылда Еңбекшіқазақ ауданының жастары рейтинг бойынша облыста үздік үштіктің қатарында. Осы ретте аудан жастарына риясыз қолдау көрсетіп жүрген аудан әкімі Бинәлі Ысқаққа облыс жас-тары атынан алғысын білдірді Айдын Нұрмұханбетұлы.

Мәдени шара мерекелік концертке ұласты. Татулықты ту еткен әр этнос өкілдері ұлттық бояудағы өнерлерін ортаға салды. Патриоттық әндер шырқалып, этно-мәдени бірлестіктердің көрмелері тамашаланды.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 4917 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 30, 2025

Стартовал первый день IV…

8-9 апреля 2025 года Высшая школа экономики и бизнеса Казахского национального…
Сәу 28, 2025

Әлемдік қант алыбы Қазақстанға келеді

Алматы облысында әлемдік қант өнеркәсібінің көшбасшыларының бірі – Al Khaleej Sugar…
Сәу 28, 2025

Сахарный гигант из ОАЭ приходит в…

В Алматинской области может появиться завод одного из мировых лидеров сахарной…
Сәу 25, 2025

Алматы облысында өрт қауіпсіздігін…

Бүгінгі таңда орман шаруашылығы мекемелерінің 10,6 гектар аумағында 2 орман өрті…
Сәу 25, 2025

«Кибернадзор» жүйесі арқылы 520…

Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық…
Сәу 23, 2025

Қазақстандықтардың басым бөлігі…

Мемлекет басшысының бастамасымен биыл (2025 ж.) Қазақстанда алғаш рет Ұлттық кітап күні…
Сәу 23, 2025

«Әлеуметтік әмиян»: оқушылардың…

Өткен жылдан бастап Қазақстан мектептерінде «Әлеуметтік әмиян» атты жаңа цифрлық жүйе…
Сәу 23, 2025

Былтыр Атырауда өткен Ұлттық…

Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Атаулы күнге…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет