Бейсенбі, 23 Маусым 2016 12:08

Ақ жол саған, жас түлек!

Бала доспен сырласып, бірге өткізген күзің, қысың, көктемің, тай-құлындай тебісіп ойнақтаған көк белің, анаңдай аялы ұстаздарың, алтын ұя мектебің – ол енді сенің өткенің. Қысқасы, тәтті ғана естелігің. Өйткені сен ілестің ұлы өмір көшке бүгін. Бала арманыңа аттанатын, сүріне жүріп бапталатын сәт бұл. Бастысы, талмасын дейік ақ қанатың. Бұл тілекке бәрі қосшы: ата-анаң, ұстаздарың, бала достарың, тіпті тізгін ұстаған, өмір көрген ағаларың.  Бұған дәлел аудандық әкімдіктегі мерейлі күн. Мәжіліс залындағы мәнді марапат.

 

Аудандағы «Алтын белгі» иегерлері, үздіктер мен халықаралық ғылыми жоба жеңімпаздарының басын біріктірген салтанатты шараға аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, аудан әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Құдайбергенов және бірқатар бөлім басшылары мен мектеп директорлары, мақтаныштарымыздың ата-аналары қатысты. Көзінде нұр, көңілінде қуаныш тұнған жас түлектер еш алаңсыз. Себебі, өмірінің бір белесі сынақты сәтті тапсырғандар. Сәтті дегеннен шығады, биылғы ҰБТ жылдағыдан өзгеше. 16 «Алтын белгі», 30 үздік аттестат және 19 халықаралық ғылыми жоба жеңімпаздары шықты ауданымыздан. Осынау жоғарғы көрсеткіш өз кезегінде ауданның білім саласының бағындырған биігін байқатып тұр емес пе?

Түлектер қадамына Нұржан Кеңесұлы сәттілік тіледі:

– Ел ертеңі, ақылына білімі сай тәуелсіз елдің жалынды жастары – сіздерсіздер! Сондықтан жауапкершілікті терең сезініп, әрқашан сенім биігінен шыға білулеріңізге тілектеспін!

Құрметті түлектер, алдағы уақытта тек жақсы жетістіктеріңізбен, жоғарғы көрсеткіштеріңізбен қуанта беріңіздер. Мен Сіздерге аудан тұрғындары атынан жоғары білімді, жақсы азамат, білікті маман болып, болашақта ауданымыздың, еліміздің өркендеуіне лайықты үлес қосады деген сенім білдіремін. Үлкен өмір жолына бастар қадамдарыңыз сәтті болсын! Ақ жол саған, жас түлек!

Кейіннен ата-аналарға аудан әкімінің Алғыс хатын тапсырды Н.Құдайбергенов. Түлектер үшін тарихи сәтте мақтаныштарымыз аудан атқамінерлерімен естелік суретке түсті, сапалы білім алуына жағдай жасаған аудан әкіміне алғыстарын жеткізді.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 4927 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет