Жұма, 17 Маусым 2016 12:18

Несие алуда орынсыз талаптар жойылсын

Халықты жұмыспен қамту – мемлекеттік мәселе. Себебі, жұмыссыздық әлеуметтік теңсіздікке тірейді. Осыған орай «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» партиялық жобасының шарттары мен механизмдерін тұрғындарға түсіндіру мақсатында кеңейтілген отырыс өтті аудан әкімдігінің мәжіліс залында. Оған республикалық координатор Қанатбек Оспанбеков, «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Гүлнәр Тойлыбаева, Алматы облыстық ауылшаруашылық басқарма басшысының орынбасары Саят Сақмолдин, Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Еркебұлан Өмірзақов, Алматы облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бас маманы Гүлнәр Темірбаева және аудан әкімінің орынбасары Дәулет Нұрғисанов қатысты. Ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары, сондай-ақ несие алуға ниетті тұрғындары бас қосқан жиынды «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев жүргізіп отырды.

 

Алғаш боп мінберге Дәулет Нұрғисанов көтерілді. Өз кезегінде «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасының аудан аумағындағы ауқымын таразылап өтті.

– Қазіргі күнге дейін осы бағдарлама аясында біздің ауданда екі мыңға жуық адам қамтылды. Оның ішінде 732-сі біліктілікті арттыру, кәсіпкерлік            даярлау және қайта даярлау курстарынан кәсіптік оқудан өтсе, 447 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасты. 29 жасқа дейінгі жастардан 191-і жастар тәжірибесінен өтті.

Өз кәсібін ашуға немесе ұлғайтуға мемлекет тарапынан жеңілдетілген пайызбен 177 азамат 406,6 млн теңге көлемінде несие алды. Оның ішінде мемлекеттік кірістер департаментінде 165 азамат тіркеуден өтті. Қосымша 193 жұмыс орны ашылды. 144 адам мал шаруашылығын дамыту мақсатында несие алып, оң нәтижемен игеріп отыр. 922 бас бордақылауға және 230 сауынды ірі қара сатып алынды. Ауыл тұрғындарын сапалы ет, сүт өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында 15 мың тонна ет, 5,5 тоннаға жуық сүт өндірілді.

Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамту бағыты аясында 34 жоба іске асырылып, аудандық жұмыспен қамту орталығының жолдамалары бойынша 401 азамат жұмыспен қамтылды.

Иә, аталмыш бағдарлама үш бағытта жұмыс жүргізетінін білеміз. Алғашқысы, инфрақұрылымды және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамыту есебінен тұрғындарды жұмыспен қамту болса екіншісі, кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру. Ал жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу – үшінші бағыт. Бәр-бәрінің бағыты бөлек болғанымен, мүддесі ортақ, мақсаты бір: қос қолға бір күрек таппай жүргендерге қолғабыс ету. Сол арқылы әлеуметтің әлеуетін арттыру.

Бірнеше жыл аудандық жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары қызметін атқарып, жақында ғана директорлыққа тағайындалған Самат Буянбаев болса партиялық жобаның бүге-шігесін талдап өтті.

Елбасымыз, «НұрОтан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халықты жұмыспен қамту тұрғысындағы тапсырмасы аясында «Нұр Отан» партиясы «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» партиялық жобасын іске асыруда. Аталған партиялық жобаны іске асырудың бір тетігі «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының екінші бағыты, яғни, кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру болып табылады, – дейді. Әрі Самат Даутбайұлының айтуынша, жеке ісін ұйымдастыруға және кеңейтуге берілетін сома көлемі 3 млн теңгеге дейін. Ал ҚР Үкіметі айқындайтын және оралман мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына қосылған өңірлерге қоныс аударғандарға 5 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие алуға болады. Сондай-ақ, жеке қосалқы шаруашылық базасында ұсақ тауарлар өндірісін ұйымдастыруға ниет білдірушілерге 6 млн теңгеге дейінгі соманы құрайды. Осы бағдарламаның аудан көлемінде орындалуы жайында да кеңінен әңгіме қозғады орталық басшысы:

– Бағдарлама аясында аудандық жұмыспен қамту орталығы тарапынан 2011 жылы 3 адам 5 млн теңге көлемінде несие алса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 55 адамға өсті. Оған жалпы көлемі 124 млн теңге көлемінде несие берілді. ағымдағы жылы кәсіпкерлік негіздеріне оқытып және несиелендіруге 73 адамға 3 млн теңгеден 218 млн теңге, 40 адамға 6 млн теңгеден 240 млн теңге беру болжамда.

Ал координатор Қанатбек Жолдасбек-ұлы бағдарлама туралы теріс көзқарас бар екені жайында кеңінен әңгімеледі:

– Кейбір азаматтардың түсінігінде жұмыспен қамту деген сөз өзін қойып өзгеге жұмыс беру. Сонда мен өзім жұмыссыз отырсам, біреуді жалдауым керек пе? Бұл дұрыс көзқарас емес. Бұны экономикалық тұрғыда емес, әлеуметтік тұрғыда қарау керек. Мұндағы мақсат – күнін көре алмай отырған жандарға жұмыс тауып беру, сөйтіп оның әлеуметтік жағдайын жақсарту. Бұндай сөздер кейде министрлік тарапынан да естіліп қалады, яғни, ол несие алды ма кәсібін ашты ма, тұрғындарды жұмыспен қамту керек дейді. Бұл – қате пікір. Бір әулет боп істесін, оны өздері шешу керек.

Әрі 6 пайызға дейінгі үстемақымен ауылшаруашылығы саласын дамыту үшін берілетін несиенің артышылығын да атады. Айтуынша, сатып алынатын әр басты асырап-бағуға керек-жарақтар толық есептеледі. Айталық, жем-шөбі, ветеринарлық шығыны дегендей... Нәтижесінде көретін пайданы да пайымдады координатор:

– Қарапайым мысал, он бас алып, оны бордақылап, алты айдан кейін сатсақ, әр басынан 50 мың теңгеге дейін пайда көруге болады. Тіпті, жем-шөпті сатып алғанның өзінде, – дейді.

Кейіннен несие алу үшін ұзын-сонар құжаттардың да әуресін басып айтты:

– Несие алу үшін екі үш сиыры болу керек. Одан қалса қорасы болу керек деген талаптар орынсыз. Себебі, бақыры жоқ жұрттар ғана әлеуметтік жағдайын түзеу үшін несиеге ниетті. Ал екі сиы-ры бар адам несиені қайтпек? Соны сатып, көбейтіп-ақ жағдайын жасамай ма. Сондай-ақ, қаржы беретін мекемелердің көбі талапты дұрыс қоймаған. Айталық, жайылымдық жер туралы хабар әкел десе, бұдан былай әкімдікке барасыздар. Олар ауылдық немесе ауданның аумағында мынанша гектар жайылымдық жер бар, сонда малдары жайылады деп ақпарат беретін болады.

Енді ешкім жолың жоқ, ішерге суың жоқ немесе жарық жоқ, қысқасы инфрақұрылым жоқ деп тиісе алмайды. Егер осыны талап еткен азаматтар болса, тиісті жерге шағымдануларыңызға толық құқықтарыңыз бар, – деді.

Жиын соңында ашық пікір алмасу өтті. Онда тұрғындар тарапынан кепілдікке қойылатын мүліктің дұрыс бағаланбайтыны, өтініштен кейін арнайы тексеруге шығатын қаржы орталықтары мамандарының қызметіне жауапсыздығы сөз болды. Әрі «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал тарапынан ауданға қаржы орталықтарының бір операторын тұрақты орналастыру, мал басы, болмаса оның керек-жарақтарына алдын-ала келісімшарт жасасу секілді талаптарды алып тастау турасында ұсыныс беретіндігін жеткізді Қуат Сұлтанұлы:

– Өзіңіз ойлаңыз, Сіз мал басын сатып алу кезінде базарға жүгінесіз. Ал онда қайдағы келісімшарт? Бәрі де қараша халық. Шөпті де жолдан сатып аласыз. Екіншіден, Еңбекшіқазақ ауданы республика бойынша аумағы, тұрғындар саны жағынан үштікте. Осындай ірі ауданға бір оператор отыру керек қой қаржы орталықтарынан. Қазір тек Алматыда орналасқан. Ал оған жету үшін де қалтаңда ақшаң болу керек және мәселең бір барғанда шешіле қоймайды. Сан мәрте жүгіруге тура келеді. Кейіннен өзіңіз де байқап отырғандай бағалаушылардың жұмысын жүйелеуді де ұсынысқа енгізетін боламыз. Себебі, үйдің орналасу жағдайы да ескерілу керек, – дейді.

Бәрін айт та, бірін айт, бағдарлама бағыты оң, ниеті түзу. Алайда, арманымыз біреу ғой: орынсыз талаптар мен пайымсыз пендешілік жойылса. Елордадан өткен ақша қараша елге «делдалсыз» жетсе, шіркін. Онда діттеген мүдде межесінен шығар едік: әлеуметіміз дәулетті, үйлеріміз сәулетті, ұрпағымыз өрелі, келешегіміз келелі. Лайым солай болсын деп тілейік.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 3688 рет

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 28, 2024

АЭС – объективті қажеттілік

АЭС — электр энергиясын экологиялық таза жолмен өндірудің бір түрі. Ядролық энергия…
Қырқ 27, 2024

о проведении республиканского…

г.Қонаев – 2024 год 1. Общие положения 1.1. Настоящее положение определяет порядок…
Қырқ 27, 2024

Республикалық конкурс өткізу туралы …

Қонаев қаласы – 2024 жыл 1. Жалпы ережелер 1.1. Осы ереже «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы…
Қырқ 27, 2024

Сарапшы: Қоғамдық мәселелерге…

Ел тұрғындарының энергетика саласындағы мәселелерге қатысты пікірі қалыптасып, саяси…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау штабының өкілдері…

Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халық штабының өкілдері ақтөбеліктермен…
Қырқ 27, 2024

Члены Народного штаба за…

В регионе продолжилась работа Народного штаба за строительство АЭС. Депутаты, эксперты и…
Қырқ 27, 2024

АЭС-тен көмірқышқыл газы да, күл де…

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза…
Қырқ 27, 2024

Халықтық штаб: Атом электр…

Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза энергияның сенімді көзі ретінде маңызды рөл…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық…

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысы бүгін Ақтөбе облысында жалғасты.…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет