Бейсенбі, 03 Қараша 2016 12:08

Келіндер сайысы

«Пай, пай, шіркін, қазақтың

                           келіндері-ай,

Көл дария секілді

                         пейілдері-ай»,

– десе дегендей-ақ қазақ келіндерінің бар болмысын бойларына жиған Рахат селолық округінің 16 келіні «Аяулы келін-2016» байқауында бақтарын сынады. Баптарын да сынады. Ұйымдастырған Рахат орта мектебінің ұжымы болса, осынау игі шараға демеушілік көрсеткен ауылдың жігіт-басылары.

 

Құттықтау сөзімен ортаға шыққан мектеп директоры Бақытжан Рахымжан келіндерге сайыста сәттілік пен табандылық тіледі. Бес бөлімнен құралған сайыстың алғашқы «Таныстыру» сатысында келіндердің шабысы анықталғандай еді. Әрі қарай өнерлерін ортаға салып, пародияға пәрмендері жетпесе де тырысып баққан ауыл келіндері «Ұлттық тағам» бөлімінде бірінен бірі асып түсті. Тек ас үйде ғана шебер емес, сондай-ақ он саусағынан өнер таматынын келіндеріміз «Қолөнер» бөлімінде анық байқатты. Алғашқы кезеңнен-ақ көрермендер мен қазылардың көңілінен шыққан аяулы келін, асыл ана болып жүрген Шынар Делтаева бас жүлдені қанжығасына байлап, сый-құрметке бөленді. Бірінші орынды инабаттылығы бойына жарасқан жас келін Шакура Жұмағали иеленсе, екінші орынға «пародияның патшайымы» атанған Гузель Смайлова жайғасты. Үшінші орынды Шолпан Нахипова мен Арайлым Өмірғалиева өзара бөлісті. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталып, барлық қатысушылар түрлі номинациялар бойынша іріктелді.

Алмагүл НҰҒМАН.

Оқылды 5476 рет

Соңғы жаңалықтар

Маус 19, 2025

Атамекен Отаны – Бейбіт өмір ауылы

Тарих бетіне үңілсек, 1722 жылы Бірiншi Петр: «Қазақ Ордасы бүкiл Азия елдерi жерлерiне…
Маус 19, 2025

Қажырлы еңбек — ел мүддесіне адал…

Қытайдың Боғда тауының Күнгейінен Қазақстанға көшіп келген жерлестердің бас қосуында…
Маус 19, 2025

Ел жүрегінде сақталар қос есім

Кім келіп дүниеден кім кетпеген, Ащы қайғы кімдерді жүдетпеген. Еске алып дұғасына…
Маус 19, 2025

Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп…

Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Әкенің…
Маус 19, 2025

«Атамекен» – ұлттық рух мекені

Жазғы демалыста балаларға арналған мектеп жанындағы «Атамекен – ұлттық рухтың бесігі»…
Маус 19, 2025

Жаңарған ғимарат – жаңа мүмкіндіктер

Денсаулық сақтау жүйесін дамытып, сапалы медициналық көмекті ауыл халқына барынша…
Маус 19, 2025

Алғыс пен құрмет иелері

Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі – медицина саласындағы қызметкерлердің кәсіби…
Маус 19, 2025

У нас союзнические отношения с…

Заместитель директора ТРК Президента РК Аскар Джалдинов спросил Президента России…
Маус 19, 2025

«Я не вижу никаких осложняющих…

 Отвечая на вопрос заместителя директора ТРК Президента РК Аскара Джалдинова, Президент…

Күнтiзбе

« Маусым 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет