Бейсенбі, 03 Қараша 2016 12:10

Қарттармен өткен көңілді күн

Үй алдында төбе болса,

Ерттеп қойған атпен тең.

Ауылыңда қартың болса,

Жазып қойған хатпен тең.

Иә, қазыналы қарттары-мыз бүгінде жастарды тәрбиелеп, қоғамдық жұмыс-тарды атқарып қана қоймай, өнерпаздыққа да ден қоюда. Жақында аудандық мәдениет үйінде аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен концерт өтті. Шараға облыстық ардагерлер ұйы-мы төрағасының орынбасары Тұрарбек Асанов, облыстық мәслихат депутаты Жангелді Осан, аудан әкімінің орынбасары Айбек Бидаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеулес Ұзақов, бөлім басшылары мен қала тұрғындары қатысты.

 

Қазақтың күмбірлеген қара домбырасымен тамылжыта ән салып, халық әндерімен тыңдарманның құлақ құрышын қандырған аталар мен әжелер жұртшылықтың қошеметіне бөленді. Сондай-ақ, түрлі ұлт өкілдері өздерінің әуезді әнімен, келісті биімен көпшілікті таң-тамаша күйге бөледі. Көңілді мереке соңында Тілеулес Ұзақов:

– Өткізілген шара арқылы біз тұрғындардың көңілін көтеріп қана қоймай, жастарды халық әнімен, дәстүрлі өнермен сусындатқымыз келді. Мақсатымыз жүзеге асты десек те болады. Өздеріңіз байқағандай, көрерменнің жартысынан астамы жастар қауымы – деп концерттің басты мақсатын айтып өтті.

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 2859 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Көміртегі тотығымен уланудың алдын…

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған…
Қар 03, 2025

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып…
Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет