Бейсенбі, 22 Желтоқсан 2016 14:23

Бәйдібекбилік балғындардың төбесі көкке жетті

Балалар – біздің болашағымыз. Ести-ести жауыр болған сөз шығар, алайда, бұл – ақиқат. Ата-бабаларымыз білектің күшімен, найзаның ұшымен, ақыл-парасат-тың ұшқырлығымен қорғаған ұлан-ғайыр жеріміздің келешек иесі де бүгінгі бүлдіршін-дер. Осы жерді, елді көркейтіп, әлемдегі озық 30 елдің қатарына қосатын да біздің балаларымыз. Елбасы Н.Ә.Назарбаев бір сөзінде: «Балаларға жағдай жасау – болашаққа құйған инвестициямыз» – деп атап өткен болатын. Иә, бүгінде келешекке инвестиция құюдан еліміз аянып жатқан жоқ. Оның ішінде ауданымызда балалар мен жастардың толыққанды білім алуына барлық жағдай жасалуда. Игі шара жақында Бәйдібек би ауы-лында жалғасын тапты. Ауылдың мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндеріне арналған жаңа «Достық» балабақшасының лентасы қиылды.

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында қос мерекеге куә болған бәйдібекбиліктердің қуанышына ортақтасуға арнайы барған аудан әкімі Бинәлі Ысқақ, мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, аудан әкі-мінің орынбасары Айбек Бидаев, бөлім басшылары мен округ әкімі бүлдіршіндердің шаттығына куә болды. Өзінің құттықтау сөзінде жиылған жұртшылықты мерекемен құттықтаған Бинәлі Әбдіқапасұлы аудандағы мектепке дейінгі білім берудегі жеткен жетістіктерге тоқталып өтті:

– Бүгін бүлдіршіндеріміздің игілігіне берілейін деп отырған нысан аудандағы биылғы жылы ашылған сегізінші жекеменшік балабақша. Ал соңғы жылдары тек екі 280 орындық мемлекеттік жаңа балабақша бой көтерді. Қалғандары күрделі жөндеуден өткен білім орындары. Осылайша, биыл біз аудандағы 3-6 жас аралығындағы 14 мың 700 баланың 82 пайызын балабақшамен қамтып отырмыз. Бұл көрсеткіш осыдан бес жыл бұрын 49 пайызды құраған болатын. Бұның барлығы баға жетпес Тәуелсіздіктің арқасында жеткен жетістігіміз – деген аудан басшысы білім саласындағы жетістіктерді де сөз етті. Қуанышты бөлісуге келген қонақтар мен ауыл тұрғындарына алғысын жеткізген балабақша инвесторы Асқар Алдажаров бүлдіршіндердің еш кедергісіз білім алып, тәрбиеленуіне жағдай жасау – әр азаматтың борышы екендігін атап өтті. Кейіннен, Бинәлі Әбдіқапасұлы ауыл қарияларымен бірге балабақшаның лентасын қиып, ғимаратты аралады. Жатын орын, асхана, жуынатын бөлмелерді қараған қонақтар оң бағасын берді. Балабақшаның акт залында балғындар мерекелік концерт ұйымдастырып, Тәуелсіздікті жырлады. Еркін елдің ертеңі болған балалардың өнеріне көпшілік тәнті болып, ақсақалдар ақ батасын берді.

Айта кетейік, 50 бүлдіршінге арналып салын-ған «Достық» балалар бақшасы үш тілде білім береді. Мұнда түрлі үйірмелер жұмыс жасап, балғындардың өнерін шыңдайды. Сонымен қатар, тәрбиеленушілерді тасымалдауға арнайы көлік те бар.

Сардарбек МАЙДАБЕКҰЛЫ.

Оқылды 4186 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет