Жұма, 10 Наурыз 2017 12:06

Әке аманатына адалмыз

Наурыз – көктемнің алғашқы айы. Жаныңды жадыратып, көңілдегі кірбіңді сейілтетін, ағайындардың арасында азды-көпті реніші болса кешірісіп, татуласуға бетбұрыс жасайтын, сөйтіп, 22 наурыздағы жаңа жылды баршаның жылы қабақпен, шуақты күндерді мол үміт-пен қарсы алатын мерекелі де  берекелі ай. Бұл айдың сонымен  қатар Жапарұлы Әбдіхалық атамыздың әулеті үшін тағы бір ерекшелігі бар. 8 наурыз – Әлиасқарқызы Күлбала анамыздың туылған күні болса, 10 наурыз асқар таудай әкеміз болған Сәрсен Әбдіха-лықұлының дүние есігін ашқан күні. Өкінішке қарай, екеуі де бүгінде бұл өмірде жоқ. Анамыз осыдан тура он үш жыл бұрын өмірден озса, әкеміздің бақилыққа кеткеніне үшінші жылға аяқ басты. Егер тірі болса дәл осы күндері анамыз 90 жасқа,әкеміз 95-ке келер еді-ау.

 

Осы күні кеше ғана қазақстандықтар 1 наурызда осымен екінші рет Алғыс айту күнін атап өтті. Дүниеге алып келген ата-анамызға, тәрбие, білім берген ұстаздарымызға, желеп-жебеген, қиын-қыстау  шақтарда қамқор қолын созып, шапағат-шуағын аямаған жандарға, ағайындарға бір ауыз жылы сөзімізді жеткізіп жаттық. Қашанда мәртебеңді асырып, мерейіңді өсіретін осындай бір ауыз жылы сөз ғой!

1 наурыз күні  мен де анам Күлбала Әлиасқарқызы мен әкем Сәрсен Әбдіхалықұлына құран бағыштап, жатқан жерлерінің жайлы, мәңгілік ұйқыларының тыныш болуына тілек тіледім. Ұл-қыздарын өсіріп, біздерді, барлығымызды ел қатарлы тұрмыс-халге жеткізгені үшін мың мәрте алғысымды білдірдім. “Әке – Асқар тау, Ана – мөлдір бұлақ” деген ғой. Анамыз үйде бала тәрбиесімен айналысса, әкеміз  Таутүрген ауылында қырық жыл ұстаздық қызмет атқарды. Шәкірт тәрбиеледі. Ұжымшардағы еңбеккерлердің, малшы-лардың балаларын оқытты. Таутүрген мектебінде жиырма бес жылдай мектеп директоры болып, оның материалдық-техникалық базасын нығайтуға көп еңбек сіңірді. Соның жарқын бір дәлелі – 1965 жылы Таутүрген ауылында қазіргі екі қабаттан тұратын мектептің бой көтеруіне тікелей мұрындық болды. Әкем Сәрсен Әбдіхалықов 1949 жылдан 1975 жылға дейін 26 жыл Түрген селолық кеңесінің депутаты болды. 1922 жылы дүниеге келген әкем, ойлап отырсам небәрі 27 жасында халық қалаулысы болып, оны 53 жасқа келгенше мінсіз де, қалтқысыз атқарыпты. Сол депутаттық ман-датының арқасында бұрындары ауылда ауыз су құбыры жоқ еді, Тескенсу, Төрежайлау жақтан елдімекенге құбыр тартылып, колонкалар орнатуға ықпал етті. Қоғамдық монша салынды. Бүгіндері ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайы жақсы, әрбір үйде жеке моншалары бар десе де болады.

Әкемнің таулы өңірлерге 360 гектар жерге алманың небір түрін отырғызуға колхозшылар мен мектеп оқушыларын  жұмылдырғанын көз көрген үлкендер жастарға айтып отырады. Мұны әкемнің атының өшпегені деп ұғынамын мен. Тау-таста өсіп тұрған жабайы алма ағаштары апорт, тас алма сияқты екпе ағаштарымен будандастырылып, кезінде Таутүрген ауылының  еңбеккерлері ауданға жүздеген тонна алма жинап өткізетінін өзіміз де көргенбіз.

Ұлы Отан соғысына қатысқан әкемнің мемлекеттік 32 наградасы бар. Қазақ КСР оқу ісінің үздігі, аудандық және облыстық деңгейде алған марапаттары жетерлік еді. Москваны жаудан қорғады. Кейінгі кездері енді-енді айтып жүрген Ржев, Новоржев қалалары үшін болған қанды шайқастарға қатысушы. Дәл осы қалаларда жау оғынан үш рет  жарақат алған әкем туған ауылына оралған соң оның өркендеуіне араласып, өзінің өлшеусіз үлкен үлесін қосты.

Соғыс жылдарында 16 жасынан еңбекке араласып, тылда жұмыс жасаған-дықтан анамыздың да алған 5-6 медалі бар. Соғыс ардагерлеріне теңестірілген деуші еді ғой оны. Сондықтан адал еңбектерімен ел құрметіне, абыройға бөленген әке-шешемді осы күні бір еске алуды жөн көрдім. Бастысы, әкем Сәрсен Әбдіхалықовты 1945 жылы Москвада 24 маусымда өткен Жеңіс парадына мотоцикл мініп қатысқан (командирі) майдангер қазақ болғаны үшін де зор мақтаныш етемін.

Ұстаз болған әкем шәкірттерге ұстаздық тәлім-тәрбие берудің небір тәлімін, қыры мен сырын айтып, маған аманат етіп еді. Сол өсиетін орындап, ұстаздық жолын жалғастырып келемін.

Гүлнәр АНАРҚҰЛОВА,

Таутүрген мектебі

директорының орынбасары

Оқылды 2712 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Наурыз өтті дүркіреп Әке аманатына адалмыз »

Соңғы жаңалықтар

Маус 19, 2025

Атамекен Отаны – Бейбіт өмір ауылы

Тарих бетіне үңілсек, 1722 жылы Бірiншi Петр: «Қазақ Ордасы бүкiл Азия елдерi жерлерiне…
Маус 19, 2025

Қажырлы еңбек — ел мүддесіне адал…

Қытайдың Боғда тауының Күнгейінен Қазақстанға көшіп келген жерлестердің бас қосуында…
Маус 19, 2025

Ел жүрегінде сақталар қос есім

Кім келіп дүниеден кім кетпеген, Ащы қайғы кімдерді жүдетпеген. Еске алып дұғасына…
Маус 19, 2025

Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп…

Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Әкенің…
Маус 19, 2025

«Атамекен» – ұлттық рух мекені

Жазғы демалыста балаларға арналған мектеп жанындағы «Атамекен – ұлттық рухтың бесігі»…
Маус 19, 2025

Жаңарған ғимарат – жаңа мүмкіндіктер

Денсаулық сақтау жүйесін дамытып, сапалы медициналық көмекті ауыл халқына барынша…
Маус 19, 2025

Алғыс пен құрмет иелері

Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі – медицина саласындағы қызметкерлердің кәсіби…
Маус 19, 2025

У нас союзнические отношения с…

Заместитель директора ТРК Президента РК Аскар Джалдинов спросил Президента России…
Маус 19, 2025

«Я не вижу никаких осложняющих…

 Отвечая на вопрос заместителя директора ТРК Президента РК Аскара Джалдинова, Президент…

Күнтiзбе

« Маусым 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет