Бейсенбі, 27 Сәуір 2017 10:43

Сыбайлас жемқорлық

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті. Осы дертпен күресу мақсатында елімізде көптеген шаралар ұйымдастырылуда. Игі іс жақында ауданымызда жалғасын тапты. «Парасыз болашаққа бірге» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Есік өңірінде болып, жиындар өткізіп, тұрғындармен кездесті.

 

Сыйбайлас жемқорлықтың кез-кел-ген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен жолға шыққан мобильді топ Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде жиын өткізді. Келелі кездесуге аудан әкімінің аппарат басшысы Бекен Керімбеков, аудандық мәслихат депутаты, жастар ресурстық орталығының жетекшісі Айбек Ілебаев, қала әкімі Бауыржан Бименов, колледж директоры Гүлнар Жошыбаева мен колледж студенттері қатысты.

Жиын басында қатысушыларға жемқорлыққа қарсы арнайы видеоролик көрсетілді. Кейіннен, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Данияр Сабырбаев жемқорлықтың қарапайым нәрседен туындайтындығын мысалдармен жеткізді:

– Негізінен, жемқорлықты біз өзіміз жасаймыз. Айталық, жолда көліктің жылдамдығын асырғаны үшін полиция өкілдері тоқтатса, олармен келісуге асығамыз. Себебі, 50 мың теңге айыппұл төлегенше, 5 мың теңгемен мәселені сол жерде шешіп кеткен ыңғайлы-мыс. Немесе, емханаға барып, жақсы, теледидар мен тоңазтқышы бар палатаға жату үшін де дәрігерге пара ұсынамыз. Сөйтіп, басқа дәрежедегі науқастарға тиесілі бөлмелерді иеленеміз. Осының барлығын біз, яғни, қарапайым адамдар күнделікті өмірде жасап, жемқорлықтың кең етек алуына жағдай туғызамыз. Қоғамды түзетуді алдымен өзімізден бастауымыз қажет – деп бүгінгі өмірдің шындығын айтып өтті Данияр Бауыржанұлы. Айтуынша, еліміздің келешегін жемқорлықсыз елестеткіміз келсе, жастарды бұл дерттен аулақ ұстауымыз керек. Сондай-ақ, қоғам мықты әрі тұрақты болу үшін білім керек. Айталық, Гонконгта әлемдегі технологияның басым бөлігі шығарылады. Ал Финляндия олар секілді қатты дамымаған. Алайда, фин халқы өте білімді болғандықтан, жемқорлыққа жол бермейді. Сондықтан, халықты парақорлыққа қарсы үндеуден жалықпау керек.

Әлемдік тәжірибе бойынша, жемқорлық жайлаған елге ірі инвесторлар келмейді екен. Демек, инвесторлардан құралақан қалған елдің дамуы нашарлап, технологясы тұралайды. Осындай кең жазиралы даламызға инвесторлардың тартылмай отырған бір себебі де осы. Бүгінде еліміздегі жемқорлық күн санап өршіп барады. Тіпті, қызметтегі әйел азаматтар да пара алудан тайсалмайды. Оның бір дәлелі, еліміздегі әйелдер түрмесінің саны бұрындары 3-еу болса, қазір нәзік жандыларды түзететін 5 колония бар.

Осының барлығын сөзіне арқау еткен Данияр Бауыржанұлы парақорлықтан бойларын аулақ ұстайтын грузиндерді үлгі тұту керектігін айтты:

– Қазіргі таңда Грузия жемқорлықтан арылу бойынша Сингапурды басып озып, әлемде бірінші орында тұр. Осыдан 15-20 жыл бұрын Грузияда жемқорлық өршіп тұрды. Осындай қысқа мерзімнің ішінде жетістікке жеткеннің арқасында, ел экономикасы қарыштап дамуда. 3,7 млн ғана халқы бар мемлекетке жылына 5 млннан астам турист келеді. Сондай-ақ, грузиндер туристік саладан 2016 жылы 344,5 млн доллар табыс тапқан. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 15,7 пайызға жоғары. Ал 2 млн тұрғыны бар біздің облысымызға өткен жылы 90 мыңға жетер-жетпес шетелдіктер келіп демалған – деп, жемқорлық туристік саланы да тұсаулайтындығын жеткізді. Грузия Президенті Михаил Саакашвили бұл жетістікке жалғыз өзі жеткен жоқ. Халқы оған қолдау білдірді. Сол секілді, жемқорлықпен күрес туралы Елбасы бастамасына біз де бей-жай қарамауымыз керек.

Шара соңында Гүлнар Жошыбаева колледжде өтіп жатқан «Әнді сүйсең, менше сүй» атты өзін-өзі тану рухани-адамгершілік жобасы аясында өткізіліп отырған «Рухани ұстаздар мұрасы – жалпыадамзаттық құндылықтардың қайнар бұлағы» атты бескүндік іс-шараның мәні мен маңызына тоқталды. Келген қонақтар студенттердің ұйымдастырған концерттік бағдарламасын тамашалады.

Жемқорлыққа қарсы мобильді топ халыққа қызмет көрсету орталығында, аудандық емханада, «Голд-Продукт» ЖШС-де кездесулер өткізіп, қызметкерлер мен тұрғындарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірігуге шақырды.

Сардарбек НҰРАДИН.

 

Оқылды 3357 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Мың алғыс саған, майдангер! Сыбайлас жемқорлық »

Соңғы жаңалықтар

Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…
Қаз 23, 2025

Кітап оқу – өркениет кепілі

Қоғамның нағыз рухани құндылықтан ажырап, алақандай смартфонға бар уақытын сарп етіп…
Қаз 23, 2025

Құрметті мамандық

Рухани-мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз…
Қаз 23, 2025

Әлеуметтік сала – ізгіліктің алтын…

Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, адамдардың…
Қаз 23, 2025

Ұлттық өркендеу жолы

XXI ғасыр – цифрлық революция заманы. Бүгінде әлемдегі барлық салалар цифрлық…
Қаз 23, 2025

Әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Таза әйнек — үйдің, автокөліктің де ажары. Дегенмен, әйнекті жууға арналған сұйықтықты…
Қаз 23, 2025

Диспенсерге арналған пластик…

Қазіргі таңда кеңселер мен ұйымдарда, сондай-ақ тұрмыстық жағдайда диспенсерге арналған…

Күнтiзбе

« Қазан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет