Бейсенбі, 11 Мамыр 2017 12:02

Мың алғыс саған, майдангер!

Талай боздақты қыршынынан қиып, ананы баласынан, баланы асқар тау әкесінен айырған сұм соғыстағы жеңіске биыл 72 жыл. Сонау отты жылдары майданда етігімен су кешкен, елі үшін қан төккен батырларымыздың ерлігі еш ұмытылған емес. Қатары сиреп бара жатқан арамыздағы ардагерлерге 9 мамыр күні Есік қаласында құрмет көрсетілді. Қала орталығындағы  Ұлы Отан соғысы боздақтарына, ардагерлеріне арналған ескерткіш маңында мерекелік концерт ұйымдастырылды.

 

Атаның ерлігін ұрпаққа өнеге қылатын шараның маңызы жыл сайын артып келе жатқандай. Себебі, биылғы Жеңіс күніндегі алаңға жиылғандардың қарасы қалың. Мерейлі мерекенің басында сап түзеген 6654 әскери бөлімінің сарбаздары ортаға мемлекеттік Туды салтанатты түрде әкелді. Әскери оркестрдің сүйемелдеуімен мерекенің құрметті қонақтары мен қала тұрғындары ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Қан майданда ерлік көрсеткен ардагерлердің портреттерін ұстаған ұрпақтары «Мәңгілік полк» шеруін ұйымдастырды. Батырлардың рухына тағзым жасағаннан кейін, Қазақстан Республикасының Гимні орындалып, қалалықтар отшашу тамашалады.

Жиылған жұртшылықты қуанышты күнімен құттықтаған аудан әкімі Бинәлі Ысқақ тарих қойнауына көз жүгіртіп, бабалар ерлігін сөз етті. Сондай-ақ, сұрапыл жылдары ұрыс даласына аттанған отандастарымызды еске алды:

– ХХ ғасырдың ең алапат шайқасы – екінші дүниежүзілік соғыста қазақ жауынгерлері көпұлтты Кеңес Одағы әскерлерінің арасында ерекше ерлігімен, қайтпас қайсарлығымен көзге түсті. Жалпы майдандағы шайқастарға Республикамыздан 1 млн 200 мыңнан астам азамат аттанып, ұрыс даласында ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Отты жылдары солардың қатарында ауданымыздан аттанған 5881 азаматтың жартысынан астамы елге оралмады. Бүгінгі таңда туған жеріне қайсарлық пен батырлықтың  туын көтеріп аман оралған 14 ардагеріміз ғана арамызда. 

Олардың ерлігі – біз үшін өнеге – деген Бинәлі Әбдіқапасұлы ауданымыздан шыққан Кеңес Одағы батырларының есімдерін ерекше мақтан тұту керектігін жеткізді. 

Сонымен қатар, жиылған жұртшылықты Жеңіс күнімен құттықтаған 6654 әскери бөлімінің командирі, полковник Константин Қуатов Ұлттық ұланның жеке құрамына қойылған тапсырманың орындалуына және жергілікті атқарушы органдардың өзара қызметтің қалыптасуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының бұйрығымен Бинәлі Ысқақ пен ішкі істер басқармасының басшысы Бағдат Әшімовке мерекелік медаль табыстады.

Шара соңы аудан өнерпаздарының ұйымдастырған концертіне ұласты. Отты жылдарды еске түсіретін әндерді тыңдаған ардагерлер көздеріне жас алып, шексіз ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ, майдангерлер мен қала тұрғындары сарбаздарға арнап көшпелі асханада дайындалған ботқаның дәмін татты.

Айтулы шараға денсаулығына байланыс-ты қатыса алмаған ардагер, Есік қаласының тұрғыны Александр Дударевтің үйіне аудан әкімінің тапсырмасымен қала әкімі Бауыржан Бименов пен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қалдыгүл Айсина барып, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед және Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың құттықтауларын жеткізді. Құрмет грамотасы мен мерекелік және ақшалай сыйлықтарын табыстады.

 

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 3374 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Мың алғыс саған, майдангер! Сыбайлас жемқорлық »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 30, 2025

Стартовал первый день IV…

8-9 апреля 2025 года Высшая школа экономики и бизнеса Казахского национального…
Сәу 28, 2025

Әлемдік қант алыбы Қазақстанға келеді

Алматы облысында әлемдік қант өнеркәсібінің көшбасшыларының бірі – Al Khaleej Sugar…
Сәу 28, 2025

Сахарный гигант из ОАЭ приходит в…

В Алматинской области может появиться завод одного из мировых лидеров сахарной…
Сәу 25, 2025

Алматы облысында өрт қауіпсіздігін…

Бүгінгі таңда орман шаруашылығы мекемелерінің 10,6 гектар аумағында 2 орман өрті…
Сәу 25, 2025

«Кибернадзор» жүйесі арқылы 520…

Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық…
Сәу 23, 2025

Қазақстандықтардың басым бөлігі…

Мемлекет басшысының бастамасымен биыл (2025 ж.) Қазақстанда алғаш рет Ұлттық кітап күні…
Сәу 23, 2025

«Әлеуметтік әмиян»: оқушылардың…

Өткен жылдан бастап Қазақстан мектептерінде «Әлеуметтік әмиян» атты жаңа цифрлық жүйе…
Сәу 23, 2025

Былтыр Атырауда өткен Ұлттық…

Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Атаулы күнге…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет