Бейсенбі, 21 Сәуір 2016 14:28

Шығыстағы қауіпке қарсы тұрдық

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығын атап өттік өткен жылы. Ат төбеліндей қалған  сол соғысқа қару алып  қатысқан ардагердің әрқайсының атын атап, жеңіске қосқан үлесін айғақтап,  үлкен саяси-патриоттық науқанды  жүргізуге белсене араластық. Үздіксіз  соққан желдің екпінімен тоқтаусыз сырғып бір шағылдан  екіншісіне көшіп жатқан  құмдай уақыт дегенің өте шықты сол 70 жылдың Жеңіс тойынан соң. Енді міне, биыл  Берлиннің Рейхстагына ту тіккен  Ұлы  Жеңістің  71-жылына да  санау-лы ғана күндер қалды. Осы аз уақытта  мүмкіндігінше ардагерлерге түгел аралап шықпасақ  та телефон шалып, аман-есендігін тілейік деген ниетімізді сезгендей баласын автокөлік  рөліне отырғызып, Алға  ауылынан ардагер атамыз, батагөй ақсақалымыз, талай жеңіс  шерулеріне қатысқан Солтанбай Жарықбасов өзі  жетті Есік қаласына. Этажға өрмелетпей төменге түсіп сәлем бердік ардагерге. Жеңіс күні қарсаңында келіп  сұхбат алып кетейін аға, – десем екі күннен кейін өмір жолын,  әскери қызметін хатқа түсіріп өзі әкеп тұр Ұлы  Отан соғысының ардагері. Ыңғайсызданып, неге  қозғалдыңыз, Алғаға өзіміз-ақ баратын  едік деп қипақтасам «аяғым жүріп тұрғанда қайтып үйде отыра  аламын» деп  қолыма төменгі мазмұндағы мақаланы ұстатып Алғасына аттанды ардагер Солтанбай ата. Назарларыңызға сол  кісінің өзі туралы  әңгімесін ұсынамыз.

Мен 5 жасымнан анамнан жетім қалып жалғыз  өстім. Басымнан аштықты, жалаңаштықты  өткіздім. Осы өткен қиыншылықтарды біздің ұрпақтарымыз көрмесін. Ол үшін әр азамат ар-намысын, Отанға деген сүйіспеншілігін жоғары бағалай білуге, ұл-қыздарымыз  текті, инабатты, кішіпейіл, білімді еңбекпен  жалғастырып өз дәстүрлеріне, дініне берік  болуға  ұмтылғаны абзал. 

 

1941 жылы 22-маусымда  таңғы сағат төртте мұздай қаруланған  неміс фашистерінің әскері тыныш жатқан елімізге баса көктеп  кірді. Отанымызға қауіп төнді. Азаматтық парызын өтеу үшін жасы келген, үлкен-кіші сапқа тұрып, соғысқа аттанды. Азаматтық борышымызды өтеуге әкеміз, ағамыз, одан кейін өзім де бет алдым. Бұл соғыс дүниежүзіне дерлік қайғы-қасірет әкелді. Ауылда аңыраған  ана, еңкейген қария, бала-шаға көз жастарын бұлап, Алладан жеңіс тілеумен болды.

Мен 1943 жылы қаңтар айында әскер қатарына алынып, бірден Монғолияның шығыс шекарасына түстім. Алдымызда «Манчжурия». Ол жерде Жапонның 1 млн армиясы соғысқа сақадай сай тұрды. Фашистік Германияның ықпалымен Рим, Берлин, Токио соғыс одағы құрылған. Біздің 25-ші қызыл тулы мотобригаданың бірінші  батальоны 1-і рота пулемет взводы жапон  әскеріне қарама-қарсы  тұрды. Батыста  соғыс жүріп  жатты. Неміс фашист  армиясы Москва, Ленинград, Сталинградқа жақындаған  сайын Шығыстағы қауіп  күшейе түсті.

Күндіз-түні  дайындық. Сағат  сайын  жапон әскерінің қимылын  бақылаумен болдық, мылтығымыз  оқтаулы, тек «алға!» деген  бұйрықты  күтумен  болдық.

Сонымен, біздің Кеңес армиясының  ел-жұртын фашистерден қорғауда  абырой  асты. Батыста  Кеңес  армиясының жемісті  шабуылы жеңіспен  аяқталды. Ендігі кезек Шығыстағы  жапон  армиясын тізе  бүктіру  еді.

1945 жылы 9 тамызда түнгі  сағат  02:00-де  Сталиннің  бұйрығы бойынша жапон армия-сына  қарсы соғыс жарияланды. Мен, «Максим» пулеметінің пулеметчик-наводчигі едім. Біздің  бағыт «Забайкальский фронт» деп  аталды. Монғолия армиясымен  бірге соғысқа  аттандық. Біздің  біріктірілген  армияны генерал-лейтенант Плиев басқарды.

Содан Гоби шөліне  келгенде жанармай  таусылып, біздің  ротамыз танкілік десантпен Хинган тауына  бет  алды. Тау  етегінде  Долонор  қаласында жапонның  дивизиясы орналасқан  деген  мәліметті барлаушылар  анықтаған. Долонор қаласын айтарлықтай қарсылассыз алдық. Енді Хинган  тауынан  өтіп, Жэхе қаласын  алуға  шабуылға  шығуымыз  керек. Жанармай  таусылып, біздің  батальон жаяу  жылжуға  мәжбүр  болды.

12  тәулік тау  шатқалы  жолымен  – Жэхе қаласына жетпіс  шақырым  жердегі теміржол  станциясын  алып, негізгі  күшімізді  қарсы  алдық. Ендігі  мақсат – Жэхе  қаласын  алу. Онда  жапонның бір  бригада  жауынгері орналасқан  деген  мәлімет  түсті.

Әскери  бөлімдер жиналғаннан кейін генерал Плиевтің  бұйрығымен Жэхе  қаласына бет  алдық. 28 тамызда  жапон   әскери  бригадасы соғыссыз берілді. 6 мың жапон  әскері  тұтқынға  алынды. Оларды қытай  армиясына    өткіздік.

Сонымен 1945 жылы 2 қыркүйекте Шығыстағы жапон армиясы тізе  бүкті. Екінші  дүниежүзілік соғыстың соңғы  нүктесі  қойылды.

Тағы  бес  жыл армия  қатарында  болып, 1950 жылы  наурыз  айында бұйрық  бойынша ауылға қайттым. Енді  менің аңсаған еңбек  жолым  басталды.

Өте қуанышпен  көңілім  жай  тауып, бала-шағамның  арасында, Қазақстанымыздың көркейген  шағында Ұлы Отан соғысының жеңіспен  аяқталғанына 71 жыл толып  отыр. Әңгімемді жастарға батаммен  аяқтайын:

Өсиет  айтамын жастарға,

Еңбектеніп жақсылыққа бастарға.

Өнегелі, үлгілі  боп  өсіңдер,

Жол  бермеңдер арам ойлы настарға.

Алдыңда жарқын  өмір тұр,

Білім ал, еңбекпен  өмір  сүр.

Жамандыққа  жол берме,

Адалдыққа  мойын  бұр.

Кір  келтірме  намысқа,

Жөнсіздікке  жабыспа.

Жүректен шыққан  жалынды.

Отаныңа  табыста.

Солтанбай ата ЖАРЫҚБАСОВ,

Ұлы Отан  соғысының ардагері.

Оқылды 3184 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет