Бейсенбі, 22 Маусым 2017 23:43

Әрбір бала бақытты болуға лайықты!

     Адам баласы өз өмірінде мынадай үш іс атқаруы тиіс: бірі – ағаш отырғызу, енді бірі – үй салу және соңғысы – ұрпақ қалдыру. Ағаштың жемісті болуы, үйдің сән-салтанатпен тұрғызылуы  оның негізгі өзегінде, іргетасында. Сол секілді артыңда қалар ұрпақ болашағының жарқын болуы оның бала шағына тікелей байланысты.

      Әр шаңырақтың көз қуанышы – балалар. Өз сәбиінің жұлдыздай жарқырап жүргенін қай ата-ана қаламайды дейсіз?! Десе де, бүгінгі қоғам сенің үлкен-кішілігіңе қарамайды: өз үстемдігі, өз билігі қолында тұр. Ал қоғам   дегеніміз – біз. Яғни, сайып келгенде қолымызды өзге біреу емес, өзіміз кесіп келеміз.

    «Қоғамның кішкентай мүшелерінің» жай-күйі сол қоғамнан тыс қалмауы тиіс. Айтарымыз – кәмелетке толмаған балалар жайы. Оларды заңсыз жұмысқа тартып, бала еңбегін қанау – ең өзекті мәселе бүгінде. Қарапайым ғана мысал: жергілікті базарларда жүк тиеу жұмыстарында, бензин құю станцияларында, автобустарда кондуктор боп жұмыс істеп жүрген балаларды көзіміз көріп жүр. Ал сол бүлдіршіндердің жұмысы қаншалықты заңмен бақыланады? Олардың жұмыс істеуіне қандай жағдай түрткі болды? Сананы сан-саққа жүгірткен сауалдарға жауапты бірге іздейік, оқырман!

    Халықаралық еңбек ұйымының пікірі бойынша, Қазақстанда бала еңбегін пайдалану ауылшаруашылық жұмыстарында кең етек алған. Мақта, темекі, жүзім өсірудегі балалар жағдайы тым мүшкіл. Ауыз су, түскі ас ішетін орындары жоқ. Тіпті, қарапайым ғана әжетханадан да мақұрым қалған.

    Оған қоса, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп, пайда табу үшін баланың дене мүшесін кемтар еткен ата-аналар мен қамқоршылар да табылады қоғамымыздан. Мектептерде, ел іші мен шетелге шабарман боп есірткі тасып жүрген қаншама бүлдіршіннің «бақытты шағы» табан астында тапталуда. Қоғам дертіне айналған қайыршылықтың құрсауында жүрген балалар да аз емес.

     Заң бойынша «әрбір баланың еңбек бостандығына, қызмет және кәсіп түрлерін еркін таңдауға құқығы бар» екенін ескерсек, бала еңбегін қанауға жол бермегеніміз абзал. Баланың дамуына нұқсан келтіретін жұмысқа тартып, заңсыз әрекетке бастама болғандарға мемлекеттік бақылауды күшейткеніміз дұрыс.

    Сонымен қатар, отбасындағы әлеуметтік жағдайдың төмен болуына байланысты, бақытты кезеңін құрбан етіп, жұмыс істеп жүрген балалар да аз емес. Ішер ас пен киер киімнен таршылық көріп, ата-анасы бар тапқанын несиеге салып, тіршілік етіп жатқан қаншама отбасы бар қоғамымызда. Бұл да Сіз боп, біз боп ойланатын мәселе.Тым болмаса бір рет әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларға көзіміздің қырын салып қояйықшы. Мүмкін сонда ғана «бала еңбегін қанау» туралы әңгіменің нүктесі қойылар.

    Құрметті ата-ана, қаныңыз бойына тараған өз сәбиіңіздің болашағына алаңдауға міндеттісіз! Заңсыз әрекет-тің жетегінде кетуге қарсы тұрар ең алғашқы қалқан – сіздер. Құрметті жас дос, сен де өз құқықтарыңды қорға! Алдыңды тосар кедергіге қасқайып қарсы тұр! Себебі, жүз қап алтын берсең де, бақытты балалық шақ қайта оралмайды.

    Уақыт емес, өмір өтіп жатыр. Еліміздің болашағын сеніп тапсырар ұрпақ өсіре алмасақ, адам боп жүргені-міздің құны қанша?

 

Қамажай ЕРКЕБАЕВА

Оқылды 4431 рет

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 23, 2025

Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің…

Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі – халықтың денсаулығын қорғау, сапалы…
Қырқ 23, 2025

Педикулездің алдын алу туралы

Педикулез (лат. *pediculosis*) — адамның терісі мен түктерінде паразиттік тіршілік ететін…
Қырқ 23, 2025

Биологиялық белсенді заттарды…

Халықтың денсаулығын сақтау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан…
Қырқ 23, 2025

«Тұрғын үй мен ғимараттарды…

Қоғамдық денсаулықты сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету…
Қырқ 23, 2025

Глава государства назвал развитие и…

Глава государства назвал развитие и укрепление стратегического партнерства с Соединенными…
Қырқ 23, 2025

Глава государства принял президента…

Глава государства принял президента и главного исполнительного директора Торговой палаты…
Қырқ 23, 2025

Президент принял руководителя…

Президент принял руководителя корпорации ExxonMobil ?Приветствуя председателя правления и…
Қырқ 23, 2025

Глава государства отметил широкие…

Глава государства отметил широкие возможности сектора транспорта и логистики ?Большие…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет