Сәрсенбі, 15 Тамыз 2018 15:25

Еңбек еткен – емеді

Шағын және орта кәсіпкерлік – ел экономикасының негізі. Халықты жұмыссыздықтан құтқарып, дамуға бастайтын басты жол. Сондықтан болар, етек-жеңімізді жиып, толыққанды зайырлы мемлекет атанғаннан кейін осы салаға көптеп көңіл бөлінуде. Тіпті, қазіргі уақытта кәсіпкерлік саласы Елбасының тікелей бақылауында. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев бір сөзінде: «Жапония, Германия, Бельгия, Италия сияқты елдерде шағын және орта бизнес олардың барлық кәсіпорындары санының 90%-дан астамын құрайды, көптеген дамыған елдерде олар жалпы ішкі өнімнің 50%-дан астамын береді. Сондықтан да біздің шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет. Бұл кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек» – деген болатын. Қолайлы жағдай туғызылып та жатыр. Бүгінде ауданымыздың өзінде күн сайын жаңа кәсіпкерлік субъектілері ашылып, тұрғындар жұмыспен қамтылуда.

Кәсіпкерлік – пайда та-уып, халықты жұмыспен қамту ғана емес, оларға сапалы әрі қолжетімді тауар ұсыну. Дәл осы бағытта ауданымызда «Арзан» дүкендер желісі жемісті еңбек етуде. Алдымен Есік қаласында, кейіннен Шелек ауылында ашылған киім-кешек дүкені бүгінде тұрғындардың шексіз ризашылығына бөленуде. Басқа сауда орындарымен, тіпті, базармен салыстырғанда бағасы әлдеқайда арзан заттар сатылатын мұндай дүкен Қазақстан  бойынша 20 жерде жұмыс жасайды.

Оның екеуі – ауданымызда. Көпшіліке қолжетімді тауар ұсынатын дүкендер желісінің қожайыны жас кәсіпкер Ақылбек Аққайыр. Өзі бір емес, екі бірдей ұлттық жоғарғы оқу орнын тәмамдаған кәсіпкер университет табалдырығында жүріп-ақ, ата-анасына қолғабыс еткен. Осылайша, адал еңбектің дәмін татқан Ақылбек Қалқаманда алғашқы компьютер клубын ашқан. Кейін оның санын төртеуге жеткізіп, кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгерген. «Жаңаша көзқарас пен еңбек – жетістің кілті» – деген жас кәсіпкер қайырымдылық жасаудан да құралақан емес. Алматы қаласындабірнеше спорт алаңдары мен балалардың ойын алаңдарын жасаған өз қаражатына. Сонымен қатар, ауданымызда бизнесін дөңгелеткеніне ұзақ уақыт болмаса да, өзінің ұлттық спортттың жанашыры екенін дәлелдеп, демеушілікпен айналысуда.

– Жас кәсіпкер Ақылбек Аққайырдың ауданымызға келіп, дүкен ашқанына ұзақ уақыт өтпеді. Алайда, ауданымыздың экономикалық-әлеуметтік өміріне араласып, қолұшын беріп тұрады. Айталық, таяуда ғана Асы жайлауында өткен малшылар слетінде бас бәйгені өзі тікті. Сонымен қатар, спорттық ойындардың жүлделерін де өз мойнына алды – дейді аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрболат Серғали.

Бүгінде еңбектің тәтті нанын татып, өзгелерге де қолұшын беріп жүрген азаматтар кемде-кем, әсіресе, жастар арасында. Осы тұста, өз күшімен кәсіп бастап, жемісін өзгелермен бөлісіп жүрген Ақылбек Аққайырдың жасаған жақсылығын неге атап өтпеске? Күні кеше ғана ісін дөңгелеткен азаматтың игі бастамасы талай қалталылардың жүрегіне ой саларына сеніміміз кәміл.

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 2580 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Жаппай қырып-жою қаруына жол жоқ! Еңбек еткен – емеді »

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет