Бейсенбі, 02 Тамыз 2018 14:58

Жаппай қырып-жою қаруына жол жоқ!

Бұл күні 1945 жылдың 6 тамызында Жапонияның Хиросима қаласына Америка Құрама штаттарының әскери әуе күштері атом бомбасын тастады.   

Littl boi яғни «Бөбек» аталатын атом бомбасының зардабы жан түршігерлік болған. Бомба жарылғаннан кейінгі қас қағым сәтте 80 мың адам ажал құшып, 12 мың тұрғын хабарсыз кеткен, ал 40 мың адам жарақат алған. Міне «Бөбек» деп зымияндықпен ат қойылған атом бомбасының жарылысынан жапондықтарға келген зардабы. Төрт шақырылым болатын радиуста, яғни 12 шаршы километр аумақтағы ғимараттар мен құрылымдар түгел қираған. 90 мың үйдің 62 мыңы жойылып кеткен. Осыдан үш күн кейін 9 тамызда қуаты 20 мың килотонна тротил баламасы  (эквивалент) бар FatMan («Жуан жан»)  бомбасы Нагасаки қаласына тасталып, бұл елді  мекенде де аса  зор адам шығыны, материалдық зақымдар келтірілген болатын. Шынтуайтқа келгенде Екінші дүниежүзілік соғыста басқыншылар жағында болған Жапония бұл атом бомбаларын жармай-ақ, бейбіт тұрғындарды қырып-жоймай-ақ жеңілудің алдында тұрған еді. Бірақ адамгершілік  қағидалары жайына қалып атом бомбасын сынау  керек болды, әлемге атом қаруымен «жұдырық  көрсету» керек болды. Міне, жапон елінің екі қаласын қиратып жүз мыңдаған адамдарды  қырып тастаған екі ғана бомбаның зардабы  осындай болды.

1955 жылғы 6 тамызда атом және сутегі  қаруына тиым салу  жөніндегі бірінші халықаралық конференция өткізіліп, Тынық мұхиттың оңтүстігі  ядро қаруынсыз  аймақ болып жарияланды. (Раротонга келісімі). Содан бері  жыл сайын 6 тамызда «Хиросима күні  – Бүкіләлемдік  ядролық қаруға тиым салу күні» аталып өтеді.

Атом қаруын сынау, өндіру жағынан сол кездегі Қазақстан құрамында болған  Кеңес  мемлекеті де «шеткері» қалмаған еді. Ал ядролық  қаруды  сынақ  алаңы етіп кеңестік  басшылар Семей  полигонын таңдады. Бұл  сынақтар мыңдаған тұрғындарымыздың  денсаулығына зиян келтіріп, өмірге  кемтар сәбилер әкелгені белгілі. Тәуелсіздіктің  қарсаңында Қазақстанның  белгілі қоғам қайраткері ақын Олжас Сүлейменовтың  бастамасымен  ядролық қару өндіруді тоқтатып, сынақ полигондарын  жабуға бағытталған «Невада-Семей» қозғалысы құрылып, бүкіл әлемге «5-5» талабы жарияланды. Жоғары көтерілген қолдың бес саусағы  әлемдегі бес атом қаруын сынау полигондары  жабылсын  дегенді   білдіретін символдық мағынасы бар еді. Сөз арсында айта кеткен жөн, сол кездегі  «Невада-Семей» қозғалысының бір тармағы – болып Қытайдағы «Лобнор  полигоны жабылсын!» филиалы құрылды да оның жетекшілігіне осы  жолдардың  авторы  тағайындалған  еді. «Лобнор» әлемдегі сол бес полигонның  бірі еді және шекаралас біздің жерге де зардабы тиіп  жататын. Сол кездегі Еңбекшіқазақ, Шелек  аудандары аумағында құрылған «Лобнор жабылсын!» қозғалысы да  көптеген  іс-шаралар  өткізіп көрші Қырғыз, Өзбек елдеріне барып, Қытай шекарасына  дейін  жаяу шерулер ұйымдастырып, полигондағы  сынақтарды тоқтатуға зор ықпал жасаған болатын.

1911 жылы Қазақ  мемлекетінің  бірінші Президенті ретінде Нұрсұлтан Назарбаев Семей полигонының жабылуы  туралы Жарлыққа қол қойды. 2010 жылы Вашингтонда өткен самитте сөз сөйледі.  Ал 2015 жылдың  тамызында  БҰҰ Бас Ассамблеясында  ХХІ ғасырда ядролық қарусыз  әлемді тұрғызу –  адамзаттың  басты мақсаты» деп ұсынды.

«Манифест, ХХІ ғасыр» бейбітсүйгіш  бүкіл әлемге  әйгілі болды.

Жыл сайын Жапонияда «Соғысқа, ядролық қаруға жол жоқ!» ұранымен «Бейбітшілік  маршы» өткізіледі.  Бұл марштың соңғы шарасы 6-тамызда сол өткен ғасырдың 45 жылы Хиросимада жарылған атом бомбасының эпицентрінде қойылған  Бейбітшілік Паркінде аяқталады. Қаланың қақ ортасында атом жарылысының айғағы ретінде  қозғалмаған жердің  бір бөлшегі  «Атом қаруы жойылсын!» деп айқайлап  жар салып тұрғандай әсер қалдырады.

Х.Ахметжанов.

 

Оқылды 2536 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Жаппай қырып-жою қаруына жол жоқ! Еңбек еткен – емеді »

Соңғы жаңалықтар

Там 11, 2025

Химиядан халықаралық олимпиадалардың…

«Мақсатым – оқуымды жалғастырып, жаңа биіктерді еңсеру және ел дамуына үлес қосу» ***…
Там 11, 2025

Былтыр шахматтан үш дүркін әлем…

Былтыр шахматтан үш дүркін әлем чемпионы Айару Алтынбектің арманы орындалып, Мемлекет…
Там 11, 2025

Биология пәнінен халықаралық…

«Байқауымша, Қазақстан ғана оқушыларға осылай қолдау көрсетеді» ** Бронзовый призер…
Там 11, 2025

Мемлекет басшысы салтанатты түрде…

Мемлекет басшысы халықаралық жарыстарда топ жарып, алтын, күміс және қола медаль иеленген…
Там 11, 2025

Касым-Жомарт Токаев отметил, что…

– В регионах страны открываются школы нового формата «Келешек мектептері». Придается…
Там 11, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән…

?Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен…
Там 11, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән…

?Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен…
Там 11, 2025

Алматы облысында мобильдік…

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы негізінде білікті мамандар, Алматы…
Там 07, 2025

Маймыл шешегі бойынша эндемиялық…

Маймыл шешегі - адамға ауа тамшылары немесе қарым қатынас арқылы берілетін зоонозды,…

Күнтiзбе

« Тамыз 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет