Бейсенбі, 15 Қараша 2018 16:13

Тиімді жүйе – кедергісіз жұмыс кепілі

       Технологияларды ойлап табу арқылы адамзат өз тіршілігін жеңілдетіп жатыр. Есесіне, уақыт үнемделіп, сана-сезімнің өсуіне мүмкіндік жасалады. Бірақ, қазіргі технологиялық трендтер үдерісін қуып жетудің өзі қиын. Шетелдің дамып кеткен өнімдеріне тамсанып, «бізге өсу керек» деп отыра беретін болсақ, бүгінгі күйімізден де жаман құлдырап кетуіміз ғажап емес. Сондықтан да болар, биыл еліміз негізгі басымдықты цифрландыруға қарай бұрды. Барлық мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға нақты тапсырмалар беріліп, жаңа жобалар енгізілуде...

       Жаңашылдықтан мектепке дейінгі мекемелер де құр-алақан қалған жоқ. Елбасы Н.Назарбаевтың «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына сай мемлекеттік қызмет көрсе-туді автоматтандыру мақсатында жақында Талдықорған қаласын-да бір күндік семинар өтті. Білім басқармасының ақпараттық технологиялар орталығында «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілікті қалыптастыру мен оның қызметін және жолдамалар беру үдерісін автоматтандыру жүйесін оқыту» тақырыбында өткен семинарға ауданымыз-дан да барып қатысып қайтты электрондық-сандық қолтаң-баға (ЭСҚ-ЭЦП) жауапты мамандар. Ашықтық,  уақытты үнемдеу, қағазбастылықтан құтылу – міне, нағыз қазіргі уақытқа қажет басымдықтарды жүзеге асырудың қыр-сырына қанық болды семинарға қатысушылар. Аталған жүйе арқылы біз балабақшаға келген балалардың жолдамасын өзіміз шығарып отыруға мүмкіндік аламыз және балабақшадағы бос орынды да көрсетіп отырамыз. Яғни, ата-аналар ЭСҚ кілттерін алу арқылы сайтқа тіркеліп,  өз кезектерін бақылап отырады. Барлығымызға бұл жүйенің тиімді болатынына зор сеніммен оралдық облыс орталығынан.

 

С.Майлықұтова,

«Нұршуақ» бөбекжай балабақшасының әдіскері,

Бәйдібек би ауылы.

Оқылды 2060 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Көміртегі тотығымен уланудың алдын…

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған…
Қар 03, 2025

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып…
Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет