Сенбі, 04 Мамыр 2019 11:58

«Әскер – тәрбие бесігі» 6654 әскери бөлімі командирінің орынбасары, подполковник Жомарт АТЫҒАЕВпен сұхбат

Отан. Абырой. Міндет. Осы ажырамас үш ұғымды біріктіріп, Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып жүрген ел қорғаны – сардарларымыздың төл мерекесі де таяды. Осыған орай, Ұлттық ұланда борышын өтеп, қызмет етіп жүрген еліміздегі талай сарбаздардың қанаттануына жол ашып, тәрбиесін шыңдаған Қаракемер кентіндегі 6654 әскери бөліміне барып, бөлім командирінің орынбасары, подполковник Жомарт Атығаевпен сұхбаттасқан едік мереке қарсаңында.

– Құрметті Жомарт Айтқұлұлы, 6654 әскери бөлімі түрлі мамандарды дайындайтын орталық еке-ні бізге мәлім. Осы әскери мамандықтар туралы толы-ғырақ айтып берсеңіз.

– Біздің әскери бөлім осыдан 57 жыл бұрын Қаракемер кентінде іргетасы қаланған. Бүгінде еліміздегі Ұлттық ұлан сарбаздары мен келісім-шарт бойынша қызмет етіп жүрген әскери мамандарды дайындаймыз. Бөлімше командирлері-сержанттарды, байланыс мамандары, аспазшы, брондалған техниканың механик-жүргізушісі, атқыш, радио-химиялық, ядро-лық қорғаныс бөлімшесінің ко-мандирлерін, автомобильдік бөлімшелердің командирлерін, түзету мекемелерін күзететін бөлімшелердің командирлерін, қала тыныштығын күзететін, ішкі істер қызметіне көмекші патрульдеу бөлімшелерінің сержанттары сынды 20-ға жуық мамандарды оқытып, дайындаймыз. Сонымен қатар, мемлекеттік маңызы бар нысандарды күзететін әскери бөлімдердің сержанттарын әзір-леу де біздің әскери бөлімнің құзырында. Ең бастысы, 6654 әскери бөлімінде Қазақстандағы Ұлттық ұланға қызметтік иттер дайындайтын кинология орталығы жұмыс жасайды. Есірткі іздестіретін, патрульдік және қарауылдайтын иттерді дайындау осы питомникте жүзеге асырылады. Оған қоса, осыдан 2-3 жыл бұрын жарылғыш заттарды іздейтін иттерді жаттықтыруды қолға алдық.

– Мамандарды дайындайтын арнайы оқу орталықтары бар ма?

– Әрине, мамандарды дайындайтын екі ірі оқу орталығымыз бар. Оның бірі, әскери бөлімнен 5 шақырым қашықтықта орналасқан «Алатау»  оқу орталығы және Заречный кентіндегі оқу орталық. Осы орталықтар мен әскери бөлімдегі материалдық-техникалық ба-за түгелдей заман талабына сай. Бізде брондалған автомобильдер, Заречныйдағы орталықта Қазақстанда жа-салған мультимедиялық жаттығу алаңдары бар. Мультимедиялық жаттығу орнында ең бірінші, қауіпсіздік мәселесі жоғары деңгейде. Яғни, брондалған техниканы полигонда сарбазға үйрету барысында түрлі оқыс оқиғалар орын алуы мүмкін. Ал мультимедиялық брондалған техника бір орында тұрса да, барлығы шынайы болады. Екіншіден, жанармай мен оқ-дәрілер үнемделеді. Оқу оралығында, әскери көліктермен қатар жүк көліктерінің де мультимедиялық жаттығу алаңдары бар.

– Заречный кентінде құрылған оқу орталық халық-аралық деңгейде сарбаздарды дайындайтын көрінеді. Осыған тоқталып өтсеңіз.

– Заречный кентінде орналасқан 5574 оқу-әскери бөлімі – арнайы мақсаттағы дайындық орталығы болып есептеледі. Мемлекет тарапынан қомақты қаржы бөлініп, жаңа оқу ғимараттары, 500 адамға арналған әскери казарма, медицина орталықтары мен спорт кешені мен цифрландырылған жаттығу алаңдары бар. Аталған оқу-әскери бөлімі Ұлттық ұланның ең үлкен оқу орталығы болып есептеледі. Мұнда Қазақстан бойынша арнайы мақсаттағы бөлімшелердің мамандарын әзірлейді. Орталық 2018 жылдан бастап халықаралық деңгейге ауыс-ты. Былтыр мамыр айында «Кобальт» атты халықаралық оқу-жаттығу өткізілді. Сондай-ақ, Белорусия мемлекетінен арнайы мақсаттағы сарбаздар  инженерлік саласы бойынша оқып кетті. Франция, Қытай, Ресей сынды түрлі мемлекеттерден әскери делегациялармен кездесу ұйымдастырылып, мамандар дайындауға келіссөздер жүргізілуде. Күні кеше ғана, БАӘ Абу-Даби қаласынан келген делегаттар орталыққа оң бағасын беріп кетті. 

– Жасыратыны жоқ, соңғы кездері бұқаралық ақпарат құралдары ар-қылы әскерде болған әлімжеттік оқиғалары мен қысым көрген сарбаз-дардың өзіне қол жұмсау фактілеріне куә болып отырмыз. Бұл жағынан сіздерде қатаң бақылау жүргізіледі ме?

– Құдайға шүкір, осы уақытқа дейін біздің әскери бөлімде аталған оқиғалар тіркелген жоқ. Қазақта «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» – деген жақсы сөз бар. 6654 әскери бөлімі осы нақылды басшылыққа ала отырып, әскердегі әлімжеттікке қарсы түсіндіру жұмыстары, күн тәртібі бойынша тәрбие жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, әскери психолог әр сарбазбен жеке жұмыс жасайды. Сарбаздардың мінез-құлықтарының өзгеруіне мониторинг жасалып, түрлі жағдайларға байланысты күйзеліске түскен немесе қиындыққа тап болған әскерилерге психологиялық көмек беріледі.

– Әскерге баруды өзіне міндет санамайтын азаматтар бар арамызда. Солар жайында не айтар едіңіз?

– Кеңес үкіметі кезінде әс-керге бармау – ер азамат үшін ұят саналатын. Қайтсе де, 2 жыл Отан алдындағы борышын өтеп келуге тырысатын. Ал қазір 1 жылға қысқартылса да, азаматтық міндетін атқаруға құлық танытпайтындар жеткілікті. Әрине, оның түрлі себебі бар. Сондықтан, барлық жастарға күйе жаға алмаймыз. Керісінше, оларды әскерге қызықтыру мақсатында кездесулер ұйым-дастырып, түрлі фильмдер түсіріп жатырмыз. Бірер жыл бұ-рын ғана біздің әскери бөлімде түсірілген «6-пост» фильмі көрерменге жол тартты.

Шымкент қаласындағы 5458 әскери бөлімінде қызмет еткен 7-ротаның 17 сарбазы арнайы тапсырма кезінде тәжік-ауған шекарасында қаза болған еді. Осы отандастарымыздың ерлігін көрсету мақсатында біздің бөлімде «7-рота» фильмін түсіру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, мектептердегі алғашқы әскери дайындық пәні-нің оқытушыларымен келісіп, жоғары сынып оқушыларын әскери бөлімге әкеліп, экскурсия жүргіземіз. Әскери өмір-ді көрсетіп, түрлі сайыстар ұйым-дастырамыз. Осылайша жас ұр-пақтың бойында әскерге деген қызығушылығын оятуымыз керек.

– Сұхбатыңызға рахмет.

 

Тілдескен С.НҰРАДИН.

Оқылды 2780 рет

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 28, 2024

АЭС – объективті қажеттілік

АЭС — электр энергиясын экологиялық таза жолмен өндірудің бір түрі. Ядролық энергия…
Қырқ 27, 2024

о проведении республиканского…

г.Қонаев – 2024 год 1. Общие положения 1.1. Настоящее положение определяет порядок…
Қырқ 27, 2024

Республикалық конкурс өткізу туралы …

Қонаев қаласы – 2024 жыл 1. Жалпы ережелер 1.1. Осы ереже «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы…
Қырқ 27, 2024

Сарапшы: Қоғамдық мәселелерге…

Ел тұрғындарының энергетика саласындағы мәселелерге қатысты пікірі қалыптасып, саяси…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау штабының өкілдері…

Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халық штабының өкілдері ақтөбеліктермен…
Қырқ 27, 2024

Члены Народного штаба за…

В регионе продолжилась работа Народного штаба за строительство АЭС. Депутаты, эксперты и…
Қырқ 27, 2024

АЭС-тен көмірқышқыл газы да, күл де…

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза…
Қырқ 27, 2024

Халықтық штаб: Атом электр…

Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза энергияның сенімді көзі ретінде маңызды рөл…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық…

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысы бүгін Ақтөбе облысында жалғасты.…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет