Сенбі, 04 Мамыр 2019 11:49

Төрт аяқты «сарбаздар» мекені

Төрт аяқты  «сарбаздар»  мекені mezet.kz

Әскери сала Отанды сыртқы және ішкі жаулардан қорғаумен ғана шектелмейді. Тыныштықты күзету, қылмысты болдырмау және оның алдын алу да саптағы сарбаздардың борышы. Сондай-ақ, осыншама жауапкершіліктің барлығы жеті қазынаның бірі саналатын итке де жүктеледі. Иә, күнделікті өмірде адамның айнымас серігіне айналған ит те қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қаракемер ауылындағы 6654 әскери бөлімінде мемлекетіміздегі Ұлттық ұланға аталған иттерді дайындайтын жалғыз кинология орталығы орналасқан. Жақында мекемеге арнайы барып, ит баптаумен айналысатын кинолог мамандардың жұмысымен танысқан болатынбыз.

Мамандық таңдауда қателеспей, ата жолын қуған Алексей Мешков кинология орталығында жұмыс істегеніне 6 жыл. 29 жастағы Қаракемер ауылының тумасы Алексей ауылда өсіп, Қ.Орымбетов атындағы орта мектепті тәмамдаған. Кейіннен, әскерге барып, келісім шарт бойынша 6654 әскери бөліміне жедел мақсаттағы  батальонға жұмысқа орналасқан. 2013 жылы кинология орталығына ауысқан. Қазір мұнда аға маман-аға нұсқаушы болып қызмет атқарады.

– Менің отбасы мүшелерімнің барлығы әскери адамдар. Тіпті, әжем мен анам да осы салада қызмет еткен. Ал әкем, еліміздің кинология саласына зор үлесін қосқан адам. Сондықтан болар, мен де бала кезімнен итке жақын болып өстім. Осында, әкемнің жұмысына келіп, иттерді үйреткенін бақылап отыратынмын. Қазір өзім де сол жұмыспен айналысамын – деген Алексей Мешков ұлты орыс болса да өзін қазақ тілінде таныс-тырып, жұмыс барысын көрсетті.

Қазіргі таңда Алексей 25 күшікті әскери қызметке дайындау үстінде. Мұнда күшіктердің де түрі көп: орыс спаниелі, неміс, бельгиялық овчарка, шығыс Еуропа овчаркасы және микс (неміс және бельгиялық овчаркасын жұптастыру арқылы алынады). Ең қызығы, Алексейдің айтуынша, аталған иттердің барлығы орысша бұйрықтан қарағанда қазақша, немісше бұйрыққа тез үйренеді әрі мүлтіксіз орындайтын көрінеді. Сондықтан, кинология орталығындағы иттердің басым көпшілігі қазақша нұсқаумен ғана жүреді. Күшіктерді әрбір кинолог маман 2 айынан бастап үйретеді. Алғашында  күшікке «жат», «тұр», «жүгір» деген бұйрықтар беріліп, әскери тәрбиенің іргетасы қаланады. Осылайша, иттердің бейімділігі анықталып, патрульдік, іздестіру немесе есірткі анықтауға жаттықтырылады. Есірткі іздейтін ит 2 айдың ішінде 6-7 иіске үйренеді.

– Біздің жұмысымыз – иттерге әскери тәрбиенің іргетасын ғана қалау. Ит 4 айға толғанда оған тапсырыс беруші сарбаз келіп, 2 ай бойы өзіне үйретеді. Яғни, тамағын өз қолымен беріп, астын тазалайды. Өзі жаттықтырып, бұйрықты орындатуға баулиды. Осылайша, жаңа қожайындары иттермен жақын қарым-қатынас жасап, өздерімен ала кетеді.

Алексейдің мұндағы қызметі аға маман-аға нұсқаушы болғандықтан, 5 итке дейін үйретеді. Яғни, жылына 25 күшікті «қанаттандырады». Одан бөлек, Алексейдің өзінде «Кольт» есімді 2 жасар бельгиялық овчаркасы бар. Негізгі бағыты – есірткі іздестіру. Күшік кезінен осыған жаттыққан Кольт бүгінде анаша, кокаин, героин, амфетамин, экстази сынды есірткі түрлерін мыңның ішінен жазбай таниды. Біз барғанда белгілі себептермен Алексейге өз итіне жақындау мүмкін болмады. Сондықтан, осындағы «Балуан» есімді 2 жастағы микспен түрлі жаттығулар көрсетті. Бүгінде бұл ит патрульдеу-іздестіру шараларына жіберу үшін жаттықтырылуда. Кинологтың айтуынша, Балуан бұл бағытта жақсы нәтижелер көрсетіп келеді. Кинология орталығындағы күшіктер мен иттердің денсаулығы да жіті бақылауда. Орталық ішінде ветеринарлық пункт орналасқан. Тіпті, төрт аяқты сарбаздарға ота жасау да осы пункте жүзеге асады.

Қазақ қазақты қазақша сөйлете алмай жүрген қоғамда, итті қазақша үйреткен кіші сержант Алексей Мешков бүгінде 4 ұл 1 қыз тәрбиелеп отыр. Оның сөзінше, балалары да әкесі секілді ит баптағанды жақсы көреді.

– Үйімізде 6 ит бар, әрқайсымызға 1 иттен тиесілі. Балаларым өз иттеріне қарап, күтіп-баптайды. Сондай-ақ, барлығы қазақша сөйлемесе де, ең кіші ұлым өзіме тартқан. Қазақша мақалдатқанда алдына жан салмайды – дейді Алексей Мешков.

 

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 2321 рет

Соңғы жаңалықтар

Маус 19, 2025

Атамекен Отаны – Бейбіт өмір ауылы

Тарих бетіне үңілсек, 1722 жылы Бірiншi Петр: «Қазақ Ордасы бүкiл Азия елдерi жерлерiне…
Маус 19, 2025

Қажырлы еңбек — ел мүддесіне адал…

Қытайдың Боғда тауының Күнгейінен Қазақстанға көшіп келген жерлестердің бас қосуында…
Маус 19, 2025

Ел жүрегінде сақталар қос есім

Кім келіп дүниеден кім кетпеген, Ащы қайғы кімдерді жүдетпеген. Еске алып дұғасына…
Маус 19, 2025

Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп…

Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Әкенің…
Маус 19, 2025

«Атамекен» – ұлттық рух мекені

Жазғы демалыста балаларға арналған мектеп жанындағы «Атамекен – ұлттық рухтың бесігі»…
Маус 19, 2025

Жаңарған ғимарат – жаңа мүмкіндіктер

Денсаулық сақтау жүйесін дамытып, сапалы медициналық көмекті ауыл халқына барынша…
Маус 19, 2025

Алғыс пен құрмет иелері

Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі – медицина саласындағы қызметкерлердің кәсіби…
Маус 19, 2025

У нас союзнические отношения с…

Заместитель директора ТРК Президента РК Аскар Джалдинов спросил Президента России…
Маус 19, 2025

«Я не вижу никаких осложняющих…

 Отвечая на вопрос заместителя директора ТРК Президента РК Аскара Джалдинова, Президент…

Күнтiзбе

« Маусым 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет