Сейсенбі, 09 Шілде 2019 13:09

Президент Жарлығы: кімдердің несиесі кешіріледі?

Осыдан бір ай бұрын өткен сайлауда айқын басымдықпен жеңіске жетіп, Президент атанған Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру шараларын қолға алды. Соның бірі – бірақатар азаматтардың несиесін кешіру жайлы Жарлығы қоғам арасында қызу талқыға түсіп, кейбірі түсінбей әлек. Бұл біржолғы жеңілдік негізінен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларына көрсетілер үлкен көмек болмақ.

26 маусым күні Мемлекет басшысы өмірлік қиын жағдайда қалған Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы Жарлыққа қол қойып, орындалуын ҚР Президент Әкімшілігіне жүктеді. Осы тұста қазақстандықтардың көкейінде «Кімдердің несиесі кешіріледі?» деген сұрақтың туындауы заңды. Бұл тұрғыда Президент қандай азаматтардың кредиттері жабылатындығын атап көрсетті. Олар: көпбалалы отбасылар; асыраушысынан айырылуына байланысты төлем алатын отбасылар; мүгедек балалары бар, 18-ден асқан бала жасынан мүгедектер бар отбасылар; атаулы әлеуметтік көмек алатындар; жетім балалар; ата-анасынан кәмелеттік жасқа дейін айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар. Осындай азаматтардың несиесін жабуға 105 млрд теңге бөлінеді. Оның 88 млрды бюджеттен, қалғаны Проблемалық кредиттер қорынан облигациялар сатылымы арқылы алынбақ. Осылайша Үкімет 500-мыңға жуық азаматтың банктегі негізгі қарыздарын, үстемақыларын өтеп береді. Сол кезде жартысының несиесі жабылып, қалғанының борышы азаяды. Мұндай көмекті алу үшін азаматтың банк алдындағы берешегі 3 млн теңгеден аспауы тиіс. Ал Үкімет несиенің қаржылай немесе заттай алғандығына қарамайды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова айтты:

– Ол қандай мәселеге кредит алғаны, қандай жағдайға жұмсалғаны терең зерттелмейді. Өйткені, бұл аз қамтылған, әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтар. Мемлекет бір рет қана осындай көмек көрсетеді. Мұнан кейін 300 мың теңгеге дейін жәрдем алғандарға қайта несие рәсімдеу қиынға соғады. Себебі олар қарызын өтеуге қауқары жетпейтіндер санатына автоматты түрде енеді. Шамамен, несиесі млн теңгеден аспайтын 250 мың адамның қарызы, үстемақысымен қоса толық жабылмақ. Ал қалғандарына 300 мың теңге борыштық салмақты жеңілдету үшін беріледі – деді. Егер бір адамның бірнеше банкте несиесі болса, қарызы ең көп банктің 300 мың теңгесі жабылып, кредит төлеу сомасы жеңілдетіледі. Бұл үшін құжат жинап, ешқайда сандалудың қажеті жоқ. Ұлттық банк құзырлы министрліктен ақпараттарды алып, жоғарыда аталған санатқа жататын азаматтардың қарызын жабады. Айта кетерлігі, азаматтардың қарызы ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін 3 млн теңгеден аспауы тиіс. Сондай-ақ, 300 мың теңге азаматтардың қолына берілмейді, екінші деңгейлі банктерге тікелей аударылады.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, банктер кепілсіз несиесі бар 5 млн қазақстандықтың өсімақысы мен айыппұлдарын кешіреді. Оны екінші деңгейлі банктер мен шағын қаржылық ұйымдар қысқартуы тиіс. Ескеретіні – несие 1 шілдеге дейін алынса, ал қарыз 90 күннен артық өтелмесе ғана жеңілдік жасалады. Осыны айтқан ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары, Қаржы министрі Әлихан Смайылов 5 млн адам жоғарыдағы санатқа кірмесе де пайыздық үстемелері мен айыппұлдары жойылатындығын жеткізді. Бұл шамамамен 48 млрд теңге. Аталған топқа кепілдік несие мен ипотекаға мүлік алғандар жатқызылмайды. Яғни, Сіз банктен кепілсіз несие алып, оны соңғы 90 күнде немесе одан көп мерзімде төлей алмай жүрсеңіз, сол уақыт аралығында жиналған айыпұлдар мен пайыздық үстемелері жойылады. Демек, негізгі соманы ғана өтейтін боласыз.

Айта кетейік, аталған жеңілдіктерге ие болу үшін құжат жинаудың қажеті жоқ. Бүгінде Ұлттық банк пен құзырлы органдар Президент тапсырмасы бойыша жұмыс жасап жатыр. Қаржы министрлігі бюджет мәселесін реттеген соң, екі ай ішінде есептеу жұмыстары аяқталады. Содан кейін ғана несие бойынша қарыздар төлене бастайды.

 

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 2379 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет