Бейсенбі, 04 Шілде 2019 16:21

Арқалағаны – алтын, жегені – жантақ ЖУРНАЛИСТ

Арқалағаны – алтын,  жегені – жантақ ЖУРНАЛИСТ mezet.kz

«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі». Жауыр болған сөз шығар. Алайда, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының осы нақылы әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан емес. Бүгінде журналист – біріншіден халық пен билік арасындағы алтын көпір. Сонымен қатар, төртінші билік өкілдері – өзінің қаламы арқылы қоғамдық пікір тудырушы, жаңалықтың жаршысы.

Ақпараттық технология дамыған қазіргі уақытта өкінішке қарай, екінің бірі блогер атанып, ғаламтор желісінде жылдам ақпарат таратуға әуес. Алайда, «Шымшық сойса да, қасапшы сойсын» деген нақыл бар емес пе? Әр адам өз ісімен айналысқаны жөн. Кәсіби емес журналистер таратқан тексерілмеген жылдам ақпараттың нәтижесінде, қоғамда талай дау туып, түсініспеушіліктер болғаны жасырын емес. Нәтижесінде, төртінші билік өкілдерінің беделіне нұқсан келіп, жаңалық жаршыларының қадірі қалмай бара жатқан секілді.

Университет қабырғасында жүргенімізде ұстаздарымыздың: «Журналист ол кез-келген сәтте дәрігер, мұғалім, заңгер, экономист, керек десеңіз ауылшаруашылық қызметкері немесе саясаткер бола алады. Ал жоғарыда аталған мамандардың бірде-біреуі журналист бола алмайды» дегені есімде қалыпты. Расында журналист, әсіресе, аудандық газеттің тілшісі әмбебап (универсальный) болуы керек. Түрлі саланың жиынына барып, түсініп, сол саланың өкілдеріндей ақпарат беру керек оқырманға. Әңгімені әріден бастайық...

Айталық, ауданның бір жерінде ауыл шаруашылық саласы бойынша жиын өтіп жатыр. Алдымен жиналыстың өтетіндігі жөнінде хат келіп түседі редакциямызға. Редактор жауапты маманға жүктегеннен кейін, журналист тақырып бойынша өзі де дайындала бастайды. Аграрлық іс-шаралар кабинетте, жұмсақ креслода өтпейтіндігі мәлім. Ауа-райының қандай болатындығына қарамастан белгіленген орынға уақытынан бұрын барып ақпарат жинас-тырады журналист. Шара барысында адамдардың айтқан сөзі, эмоциясы мен пікірлерін мүлт жібермей, диктофонға немесе блокнотқа түсіріп отырады. Оған қоса аудандық газеттің әмбебап тілшілері сапалы суретке түсіріп үлгеруі керек оқиғаны. Осылайша, жиналған ақпаратың редакциядағы компьютер алдында өңделіп, саланың түсініксіз терминдері оқырман үшін қара-пайым тілмен жазылады. Осыдан болар «Әдебиетті екі рет оқып түсінесің, ал журналистиканы бір рет оқығанда-ақ түсінуге болады» деген пікір қалыптасқаны. Бұл – тек атқарылған жұмыстың жартысы ғана. Жазылған мақала теріліп, шығарылған соң бас редактордың үстеліне жол тартады. Редактор  түзету енгізген  бетті корректор өңдеп, қателерін ретке келтіреді. Онан соң жауапты хатшы материалдың қай беттен, қаншалықты орын алатындығын белгілеп, газеттің макетін жасайды. Парақтағы жазу мен суреттерден газет құрастыратын ең жауапты әрі күрделі жұмыс – дизайнерлердікі. Үнемі тасада жүретін қызметкерлердің еңбегі көп жерде еленбей қалып жатады. Мақаланы көркем, тартымды етіп газет бетіне орналастыратын осы дизайнер-беттеушілер (суретте). Мұнымен де жұмыс әлі біткен жоқ. Бетке қойылған мақалалар бірнеше рет оқылып, өңделіп, көзге ілінбей қалған қателері қайта түзетіледі. Осылайша, нөмірге жауапты кезекшінің қолы қойылған дайын өнімдерді пісіру үшін пешке жөнелтеді, яғни, баспаханаға. Типографиядан жаңа басылып шыққан газеттер поштаның негізгі бөлімшесіне жеткізіліп, әр ауылдағы поштаға таратылады. Сол жерден оқырмандардың алдына жол тартады.

Байқасаңыз, кішкене ғана 8 беттік газетте қаншама адамның маңдай тер еңбегі жатыр. Әртүрлі жағдайда, түрлі оқиғаның ортасында жүретін журналистер қауымына көп көңіл бөлініп жағдай жасалмаса да, халық арасында әлі күнге беделін жоғалта қойған жоқ. Себебі, халық – адал еңбектің бағасын беруші. Көрнекті қаламгер Шерхан Мұртаза айтпақшы: «Алтын арқалап, жантақ жеген»журналист – сол халықтың арман-тілегін арқалап, сенімге селкеу түсірген емес.

 

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 2673 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 30, 2025

Стартовал первый день IV…

8-9 апреля 2025 года Высшая школа экономики и бизнеса Казахского национального…
Сәу 28, 2025

Әлемдік қант алыбы Қазақстанға келеді

Алматы облысында әлемдік қант өнеркәсібінің көшбасшыларының бірі – Al Khaleej Sugar…
Сәу 28, 2025

Сахарный гигант из ОАЭ приходит в…

В Алматинской области может появиться завод одного из мировых лидеров сахарной…
Сәу 25, 2025

Алматы облысында өрт қауіпсіздігін…

Бүгінгі таңда орман шаруашылығы мекемелерінің 10,6 гектар аумағында 2 орман өрті…
Сәу 25, 2025

«Кибернадзор» жүйесі арқылы 520…

Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық…
Сәу 23, 2025

Қазақстандықтардың басым бөлігі…

Мемлекет басшысының бастамасымен биыл (2025 ж.) Қазақстанда алғаш рет Ұлттық кітап күні…
Сәу 23, 2025

«Әлеуметтік әмиян»: оқушылардың…

Өткен жылдан бастап Қазақстан мектептерінде «Әлеуметтік әмиян» атты жаңа цифрлық жүйе…
Сәу 23, 2025

Былтыр Атырауда өткен Ұлттық…

Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Атаулы күнге…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет