Жұма, 23 Қыркүйек 2016 09:44

Қыс қамы – қазандық пен отын қамы

Дүйсенбіде өткен кезекті аппарат жиынында ағымдағы жылдың сегіз айының салық базасын ұлғайту тақырыбында жауапты қызметтерге, округ әкімдеріне берген тапсырмаларын естеріне салды аудан әкімі Бинәлі Ысқақ. Ол тапсырманың мазмұны кәсіпкерлік, өндіріс нысандары округ аумағына қарасты елді мекендерде жұмыс атқарып жатыр екен – Еңбекшіқазақ аудандық мемлекеттік кірістер басқармасында тіркеліп, салықты аудан бюджетіне түсіруі керек.

 

Аудан бюджетінің орындалуын сараптаудан соң құрылыс жұмыстарының қызу жүргізілетін күздің соңғы айларын ұтымды пайдаланып, сапасын жоғары ұстауды тапсырды. Жол жөндеу, салу ісінде депутаттарды белсен-ділік танытып, құрылыс сапасын мұқият бақылауға шақырды.

Аппарат мәжілісінде қаралып, нақты тапсырмалар берілген мәселе – қысқа дайындық. Бұл жөнінде есеп берген тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Д.Мәлібековке аудан әкімі бөлім қарамағына жататын қазандықтардың қысқа жылу беру маусымының ресми басталатын мерзімі –15 қазанда дайын болу керектігін ескертті. Сонымен қатар бұл қазандықтарға қажет сұйық отын дайындау ісі де ырың-жырыңға салынбай дер кезінде орындалуы керек. Қысқы жылу беру мәселесін айтқанда тұрғындар қажеттілігін де дер кезінде ескеріп, әсіресе әлеуметтік жағынан төмен жағдайдағы тұрғындарға қол үшін беріп, көмірмен, басқа да отын түрлерімен қамтуда көмектесуді ескертті. Бұл бағытта кемшілік болып жатқанын кейбір жерлерде жасыл желекті кесіп отын қылу белең алып жатқаны байқатады.

Төтенше жағдайлар қызме-тінің қаперіне, экологтың есіне, тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының басшысына әрқайсы өз қызметтік міндет-терінің аясында кетіп жатқан кемшіліктерін жойып, өрттің алдын-алу, жасыл желекті әрісі отқа орауға, берісі шауып отын қылуға жол бермеу, елді мекендердегі, жол бойындағы тазалықты сақтау мәселелерін бақылауды қатты тапсырды аудан әкімі. Күнделікті әр пәтер, әрбір үй иесінің назарынан тыс қалмайтын бұл жұмыстар аудан мекемелері, қызметтер мен кәсіпорындар басшыларының назарында болатын сұрақтар.

Х.АХМЕТЖАНОВ.   

Оқылды 3018 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет