Бейсенбі, 10 Қараша 2016 14:11

Отбасыларға көмір берілді

Қайырымдылық – адамзаттың ең асыл қасиеті. Осы қасиет арқылы ғана пенделер өздерінің көкірегіндегі иманды, жүрегіндегі адамгершілікті көрсетеді. Ата-бабаларымыз да қайырымды істі барлығынан биік қойып, жоғары бағалаған.

Өзін ғана ойлаған, жамандықтың белгісі,

Өзгені де ойлаған, адамдықтың белгісі.

Үлгілі сөз білмеген, надандықтың белгісі,

Бар-жоғына қарамас анық жомарт, ер кісі – деп қайырымдылыққа өзіндік бағасын берген Шағырай шешен адамгершіліктің алтыннан да қымбат екендігін жырлаған. Бабалардан ұрпаққа аманат болған асыл қасиеттің үлгісіне жақында ауданымыздың тұрғындары куә болды. «Фараби нұры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қамқорлық көрсетілді.

 

Айналаны алтын түске ораған қоңыр күз де өтіп, алдымызда қаһарлы қыс мезгілі жақындап келеді. Осыны ескерген қор өкілдері ауданымызда тұрмысы төмен 50 отбасыға көмірлерін түсіріп берді. «Мен кезінде мемлекеттік қызметте жұмыс атқардым. Алайда, тағдырдың тәлкегіне түсіп, бірнеше апта бұрын бір аяғымнан айырылдым. Немерелерім де мүгедек. Осындай жағдайымызды ескеріп, жергілікті әкімдік болсын, кәсіпкерлер болсын қолдан келгенін аянып жатқан жоқ» – деген Есік қаласының тұрғыны, зейнеттегі ақсақал қоғамдық қордың көмегіне рахметін айтып, ризашылығын білдірді. Дәл осы жағдайда отырған басқа отбасылар да алғыстарын жаудырды. Айта кетейік, қоғамдық қор тек жағдайы нашар отбасыларға емес, көпбалалы жанұяларды да қысқы көмірмен қамтамасыз етті. Оның ішінде Есік қаласындағы Есеновтар отбасылық балалар үйі бар.

– «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» – деген нақыл әрқашан көкірегімде сайрап тұрады. Бүгінде елімізде, оның ішінде ауданда қаншама көмекке зәру жандар бар. Барлығының жағдайын түзеу мүмкін емес, әрине. Десе де, осындай қиын шақта олардың қолтығынан демеу – біздің адамдық борышымыз – дейді қоғамдық қор өкілі Қымбат Құрманжанова. Расында да, көмірмен, азық-түлікпен тұрмысы төмен отбасылардың жағдайы жақсарып кетпесе де, бір жыртығы жамалды. Сондай-ақ, өмірде жомарт жандар бар екендігін сезініп, мемлекет оларды назардан тыс қалдырмағандығын ұқты.

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 2944 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Көміртегі тотығымен уланудың алдын…

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған…
Қар 03, 2025

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып…
Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет