Жұма, 13 Қаңтар 2017 14:30

Әр отбасында кемінде бір азамат кәсіппен айналысуы тиіс

«Кедейлік – асқынған ауру». Дәл осындай оймен тағылымды шараның шымылдығын түрді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева. Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында өткен бұл кездесуді аудан әкімі Бинәлі Ысқақ кіріспе сөзімен ашты. Келелі кездесуге облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары мен округ әкімдері және тұрғындар қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе де маңызды: ауданда жұмыссыздық деңгейінің алдын алу, кәсіпкерлікті барынша жандандыру. Халық қалаулысы Зағипа Яхьянқызының айтуынша, әр отбасының кемінде бір мүшесі кәсіппен айналысуы тиіс. Ол үшін жылдың басынан мемлекет тарапынан қолдау екі есеге күшейді. Яғни, кәсіпкерлікті ашудағы шектеулер алынды,  мүмкіндіктер молайды.  Ол  турасында «Даму» шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Алматы облысы бойынша филиалы өкілдері де кеңінен әңгіме қозғады. Сонымен қатар Қазақстан ипотекалық компаниясы, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» өкілдері де арнайы келіп, үй кезегін жылдамдатудың тәсілдерін ұсынды. Ол үшін жинақ банкіне неғұрлым көп тұрғын қаржы салса, округке болсын көпқабатты үйлер тұрғызуға болатынын жеткізді. Ал Зағипа Балиева мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасының жай-жапсарын түсіндірді.

 

«Бүгінде қол-аяғы балғадай ер азаматтар үй кезегінде тұр. Одан қалса, маған анау керек, мынау керек деп шағымданатынына не дейсіз. Дәл осындай ер азаматтарға айтамын: кедейлік – асқынған ауру. Оның алдын алу үшін еңбекпен шұғылдану қажет», – деді З.Балиева. Кейіннен кәсіпкерліктің маңызын түсіндірді, оны ашу жолдарына үңілді. – Қазір осы жылдың басынан бастап кез келген кәсіпкерлікті ашамын деушілерге жол ашылды. Осы күнге дейін арнайы жеңілдетілген несие беретін мемлекеттік бағдарламалар тек ауылшаруашылығын дамыту мақсатына жұмылдырылған болса, қазір ол шектеу алынып тасталды. Әркімге мүмкіндік молайды. Не ашамын десе де, 20 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие береді. Яғни, қосымша төлейтін үстемақының 85 пайызын мемлекет құйса, кәсіпкер небәрі 15 пайызын ғана өтейді. Мұндай жеңілдіктер бірде-бір мемлекетте жоқ. Оған қосымша бастапқыда 2 жылға дейін несиесін өтеуге демалыс беріледі. Ал бизнес жоспар жасауда қиналсаңыз, бір ай тегін курста оқытады, жоспарыңызды сапалы жазуға қолұшын береді білікті мамандар. Осыны неге оңтайлы пайдалана алмай отырмыз. Мұның бәрі де уақытша. Бірер жылдан кейін осы мүмкіндікке де жете алмай сан соғамыз. Осыны жан-жақты түсіндіруді ең бірінші жергілікті депутаттар мен округ әкімдеріне міндеттеу қажет, – деді. Кейіннен арнайы келген кәсіпкерлікті қолдау қорлары өз жұмыстарын айтып, артықшылықтарын таразылады.

Шыны керек, бүгінде тұрғын-үй құрылысына арналған бірқатар мемлекеттік бағдарламалардың қолға алынғанына қарамастан халықтың баспанаға деген мұқтаждығы жоғарылап тұр. Тіпті, жыл өткен сайын өсуде. Осы ретте Елбасымыз: «Біз аталған проблеманы шешудің жаңа жолын ұсына аламыз. Осыған орай, тұрғын үй құрылысы бойынша «Нұрлы жер» атты бірыңғай бағдарламаны әзірледік. Оған қазіргі бағдарламалардың тетіктерін енгіздік. Жаңа бағдарламада жеке тұрғынүй салуға басымдық беру керек» – деген еді. Бағдарлама аясында әрбір азаматқа 10 сотық жер тиесілі екенін жеткізді Елбасы. Алайда ол жерді беру үшін инженерлік коммуникациялар болуы шарт. Осы ретте: «Алдымен инженерлік-әлеуметтік инфрақұрылымдарды жасап беру керек. Сол кезде жеке тұрғын үйді салатындардың шығыны азаяды. Демек, біз жеке баспанаға кететін шығындардың 30 пайызын өз мойнымызға алып отырмыз» – деді Президент. Бұл турасында кеңінен түсінік берген халық қалаулысы: «қазір Қазақстанда әрбір тұрғын үшін қолайлы жағдай жасалып жатыр, түсінген жанға әрине» деп ойын түйді. Ал аудан басшысы Бинәлі Әбдіқапасұлы осы жылы Қорам және Қырбалтабай ауылдарында 90 гектар жерге инфрақұрылымдар жүргізіліп жатқанын атады. «Өз кезегінде бұл көптеген кезекте тұрған отбасына жер алуға мүмкіндік ашады. Сонымен қатар қазіргі уақытта сол жерлерге үлкен-үлкен зауыттар орналастыруды жоспарлап отырмыз. Өйткені, жер алып, үй салған азаматтар ары қарай да күнкөріс қамын жасауы тиіс. Яғни, тұрақты жұмыс орындарын ашуға күш салудамыз», – деді әкім.

Жиын барысында арнайы брашюралар да таратылды. Сонымен қатар кәсіпкерлікті қолдау бағытында  түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін мамандандырылған жылжымалы автобус бар екенін жеткізді. «Бұдан былай кез келген мәселе бойынша әр округке осы азаматтарды шақыруларыңызға болады. Тұрғындарыңызды жинап, осы азаматтарға қоңырау шалсаңыз болғаны», – деді Зағипа Яхьянқызы.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 3991 рет

Соңғы жаңалықтар

Маус 19, 2025

Атамекен Отаны – Бейбіт өмір ауылы

Тарих бетіне үңілсек, 1722 жылы Бірiншi Петр: «Қазақ Ордасы бүкiл Азия елдерi жерлерiне…
Маус 19, 2025

Қажырлы еңбек — ел мүддесіне адал…

Қытайдың Боғда тауының Күнгейінен Қазақстанға көшіп келген жерлестердің бас қосуында…
Маус 19, 2025

Ел жүрегінде сақталар қос есім

Кім келіп дүниеден кім кетпеген, Ащы қайғы кімдерді жүдетпеген. Еске алып дұғасына…
Маус 19, 2025

Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп…

Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Әкенің…
Маус 19, 2025

«Атамекен» – ұлттық рух мекені

Жазғы демалыста балаларға арналған мектеп жанындағы «Атамекен – ұлттық рухтың бесігі»…
Маус 19, 2025

Жаңарған ғимарат – жаңа мүмкіндіктер

Денсаулық сақтау жүйесін дамытып, сапалы медициналық көмекті ауыл халқына барынша…
Маус 19, 2025

Алғыс пен құрмет иелері

Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі – медицина саласындағы қызметкерлердің кәсіби…
Маус 19, 2025

У нас союзнические отношения с…

Заместитель директора ТРК Президента РК Аскар Джалдинов спросил Президента России…
Маус 19, 2025

«Я не вижу никаких осложняющих…

 Отвечая на вопрос заместителя директора ТРК Президента РК Аскара Джалдинова, Президент…

Күнтiзбе

« Маусым 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет