Сәрсенбі, 28 Қазан 2015 10:48

Нілпара ҚАБЫЛОВА: «Зейнет — еңбектің жемісі»

Елімізде 16 облыстық филиал, 219 аудандық зейнетақы төлеу орталықтары (ЗТМО) бар. Ондағы атқарылар жұмыстар да белгілі: әлеуметтік сала мамандарына еткен еңбек, төккен теріне орай зейнетақыларын үлестіру. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін мемлекет қамқорлығы, түрлі бағыттардағы жәрдемақылар да осы орталықтан беріледі. Әлеуметтік сала қызметкерлері күні қарсаңында аудандық зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың басшысы Нілпара Қабыловамен аз- кем әңгімелескен едік.

 

– Құрметті Нілпара Іліпбайқызы, атқарып отырған жұмыстарыңыз ауқымды. Білуімізше, Сіз сонау орталық құрылған тұстан жұмыс атқарып келесіз. Кешегі мен бүгінгіде айтарлықтай өзгешеліктер бар шығар...

– Әрине, салыстыруға келмейді тіпті. Қарапайым техникалық өзгерістердің өзін атасақ болады. Қазір қолымыз ұзын. Яғни, кез келген жағдайда ақпарат алмаса алатын мүмкіндігіміз мол. Ал орталықтың тарихын аз-кем таразыласам, бөлімше 1997 жылдың қазанында ашылған. Лариса Сапарбаева алғаш орталық тізгінін ұстаған. Өзіңіз атағандай, сол кезден бастап жұмыс атқардым. Менімен бірге Д.Тілеубаева, Г.Юсупова, Л.Абдильдина, Ж.Муханбеденова алғашқы күннен бастап әріптес болды. Қазір төртеуі құрметті демалыста.

– Жаңа технологиялар жақсылығын айтып қалдыңыз. Ойыңызды толықтырсаңыз...

– ЗТМО-да мәліметтерді электронды өңдеуді қолдана отырып негізгі және сақтандыру төлемдерін дербес тіркеу мен жүзеге асыру технологиясы енгізілген. Сондай-ақ, жинақтаушы зейнетақы қорындағы төлем алымшылар мен салымшылардың орталықтандырылған мәліметтер қоры, мүгедектер бойынша мәліметтер қоры жасалған, әлеуметтік сақтандырудың электронды тағайындау жүйесі енгізілген, зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың электронды мұрағаты қалыптастырылған.

– Қызметтеріңізге жүгіну-шілер саны да көп шығар.

ЗТМО аймақтық бөлімшелері күніне әлеуметтік  сала мәселе-лері бойынша шамамен 15 мыңға жуық адамды қабылдайды. Енді есептей беріңіз, осының 10 пайызы ғана бізге жүгінді десек, 1500-ге тарта адам. ЗТМО қызметін айқындайтын жалпы үрдіс – әлеуметтік төлемдер, қаржы ағымдары мен халыққа көрсетілетін қызмет көлемінің артуы болып отыр.

– Бүгінгі жұмыстарыңыз-бен оқырманды қысқаша таныстырып өтсеңіз...

– Бөлімше 25874 зейнеткерге, 7026 мүгедекке, 2073 асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алушыға, 17740 арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушыға қызмет көрсетеді. Дүниеге сәби әкелуіне байланысты 670 анаға жәрдемақы берілді.

Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан еңбекке жарамсыздығына байланысты 465, асыраушысынан айырылуына байланысты 232, жүктілік пен босануына байланысты 4, бала 1 жасқа толғанға дейін күтімге  байланысты 2035 азаматқа әлеуметтік жәрдемақылар төленеді.

ЗТМО бөлімшесінде азаматтарды және олардың өтініштерін қабылдау тәртібі үнемі даму үстінде, жаңа жабдықтар мен озық технологиялар енгізілуде.

– Әріптестеріңізге тіле-гіңіз...

– Әлеуметтік қызметкерлер күні мерекесімен барша сала қызметкерлерін құттықтаймын. Жұмыстарына табыс, дендеріне саулық тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, іргеміз бүтін болғай.

– Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!

Әңгімелескен

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 5274 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Көміртегі тотығымен уланудың алдын…

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған…
Қар 03, 2025

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып…
Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет