– Құрметті Нілпара Іліпбайқызы, атқарып отырған жұмыстарыңыз ауқымды. Білуімізше, Сіз сонау орталық құрылған тұстан жұмыс атқарып келесіз. Кешегі мен бүгінгіде айтарлықтай өзгешеліктер бар шығар...
– Әрине, салыстыруға келмейді тіпті. Қарапайым техникалық өзгерістердің өзін атасақ болады. Қазір қолымыз ұзын. Яғни, кез келген жағдайда ақпарат алмаса алатын мүмкіндігіміз мол. Ал орталықтың тарихын аз-кем таразыласам, бөлімше 1997 жылдың қазанында ашылған. Лариса Сапарбаева алғаш орталық тізгінін ұстаған. Өзіңіз атағандай, сол кезден бастап жұмыс атқардым. Менімен бірге Д.Тілеубаева, Г.Юсупова, Л.Абдильдина, Ж.Муханбеденова алғашқы күннен бастап әріптес болды. Қазір төртеуі құрметті демалыста.
– Жаңа технологиялар жақсылығын айтып қалдыңыз. Ойыңызды толықтырсаңыз...
– ЗТМО-да мәліметтерді электронды өңдеуді қолдана отырып негізгі және сақтандыру төлемдерін дербес тіркеу мен жүзеге асыру технологиясы енгізілген. Сондай-ақ, жинақтаушы зейнетақы қорындағы төлем алымшылар мен салымшылардың орталықтандырылған мәліметтер қоры, мүгедектер бойынша мәліметтер қоры жасалған, әлеуметтік сақтандырудың электронды тағайындау жүйесі енгізілген, зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың электронды мұрағаты қалыптастырылған.
– Қызметтеріңізге жүгіну-шілер саны да көп шығар.
ЗТМО аймақтық бөлімшелері күніне әлеуметтік сала мәселе-лері бойынша шамамен 15 мыңға жуық адамды қабылдайды. Енді есептей беріңіз, осының 10 пайызы ғана бізге жүгінді десек, 1500-ге тарта адам. ЗТМО қызметін айқындайтын жалпы үрдіс – әлеуметтік төлемдер, қаржы ағымдары мен халыққа көрсетілетін қызмет көлемінің артуы болып отыр.
– Бүгінгі жұмыстарыңыз-бен оқырманды қысқаша таныстырып өтсеңіз...
– Бөлімше 25874 зейнеткерге, 7026 мүгедекке, 2073 асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алушыға, 17740 арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушыға қызмет көрсетеді. Дүниеге сәби әкелуіне байланысты 670 анаға жәрдемақы берілді.
Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан еңбекке жарамсыздығына байланысты 465, асыраушысынан айырылуына байланысты 232, жүктілік пен босануына байланысты 4, бала 1 жасқа толғанға дейін күтімге байланысты 2035 азаматқа әлеуметтік жәрдемақылар төленеді.
ЗТМО бөлімшесінде азаматтарды және олардың өтініштерін қабылдау тәртібі үнемі даму үстінде, жаңа жабдықтар мен озық технологиялар енгізілуде.
– Әріптестеріңізге тіле-гіңіз...
– Әлеуметтік қызметкерлер күні мерекесімен барша сала қызметкерлерін құттықтаймын. Жұмыстарына табыс, дендеріне саулық тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, іргеміз бүтін болғай.
– Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!
Әңгімелескен
Қайнар ЖҰМАҒОЖА.