Бейсенбі, 03 Желтоқсан 2015 10:42

Мемлекеттік қызметкерлер алаңда кездесті

Ел мерейін асқақтатып, татулықты ту еткен Тұңғыш Президент күні республика көлемінде жоғарғы деңгейде аталып өтті. Бірі флешмоб ұйымдастырса, енді бірі концерт өткізді. Ал ауданымыздың мемлекеттік қызметкерлері бұл күнде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өзі айтқан саламатты өмір салтын насихаттап, өздерінің спорт жанашыры екендіктерін тағы бір көрсетті.

 

Жақында ғана қалың жұртшылыққа есігін айқара ашқан Есік қаласындағы Спорт кешенінде мемлекеттік қызметкерлер футболдан өзара сынға түсті. Өз саласында қызметтерін мінсіз атқарып жүрген мамандардың ойынына футбол жанашырлары аудан прокуроры Төлеген Иманбаев, аудан әкімінің орынбасары Бекет Ахметов, аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы, облыстық мәслихат депутаты Хайролла Ахметжанов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Момунжан Исламов пен дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерболат Сарабеков жанкүйерлік етті. Байрақты бәсекенің ашылу салтанатында Бекет Ахметов:

– Құрметті спортшылар, Елбасының арқасында осындай сәні мен салтанаты келіскен зәулім спорт кешенінде бас қосып отырмыз. Біз осы күнді ұзақ күттік. Және дегенімізге жеттік. Осының бәрі Сіз бен біздің атқарған еңбектің арқасы.

Сіздердің осындай спорттық шараларға белсене қатысқандарыңыз жастарға үлгі болмақ – дей келе қатысушыларға сәттілік тіледі. Ойынға өз мекемелерінің намысын қорғаған «Аудан әкімдігі», «Прокуратура», Емхана», «Ішкі істер басқармасы», «Шелек ішкі істер бөлімі», «Ойын федерациясы», «Балалар және жасөспірімдер спорт мектебі» командалары қатысып, өзара мықтыны анықтады.Тыңғылықты дайындықпен келген спортшылар өз саласында ғана емес футболда да алдырмас қамал екендіктерін көрсете білді. «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» – деген дана қазақ. Білімі мен күші қатар ұштасып, мыңды жыққан мемлекеттік қызметкерлер жанкүйерлеріне жоғарғы деңгейдегі ойын үлгісін көрсете білді.

Нәтижесінде, өзгелерден оқ бойы озық шыққан білім бөлімінің құрамасы І орынды иеленіп, мерекелік кубокты еншіледі. Ал, «Прокуратура» командасы ІІ орынға жайғасып, үздік үштікке шелектік полиция бөлімінің қызметкерлері кірді. Жеңімпаздар медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 4176 рет

Соңғы жаңалықтар

Там 07, 2025

Маймыл шешегі бойынша эндемиялық…

Маймыл шешегі - адамға ауа тамшылары немесе қарым қатынас арқылы берілетін зоонозды,…
Там 07, 2025

Сальмонеллездің алдын – алу.

Сальмонеллез - көбіне асқазан ішек жолдарын зақымдайтын, адам мен жануарларға ортақ, жиі…
Там 07, 2025

Адам папилломасы вирусына қарсы…

Адам папилломасы вирусы (әрі қарай АПВ) – адам ағзасында кездесетін вирустар тобы, олар…
Там 07, 2025

Парентеральды вирустық гепатиттердің…

 Парентеральді жұқпалар, ол – қан мен адам ағзасындағы басқа да сұйықтықтары (сілекей,…
Там 07, 2025

Парентеральды вирустық гепатиттердің…

 Парентеральді жұқпалар, ол – қан мен адам ағзасындағы басқа да сұйықтықтары (сілекей,…
Там 07, 2025

Листериоздың алдын алу

 Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Там 07, 2025

Ұлттық байқаудың үздіктері анықталды

2025 жылғы 31 шілдеде Алматы облысында «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының облыстық…
Там 07, 2025

Мерейтой биік мәртебесінде

Абайдың тойы – ғаламның, ғаламдағы бар адамның той десек артық айтқандық емес. Әсіресе…
Там 07, 2025

Алматы облысының әкімі жол жөндеу…

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «Кеген–Нарынқол» автомобиль жолының жөндеу…

Күнтiзбе

« Тамыз 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет