Бейсенбі, 24 Желтоқсан 2015 11:55

Қасиетті мерекеде

Тәуелсіздіктің 24 жылдық мерекесін Шелек ауылының жұртшылығы да зор қуанышпен атап өтті. Мәдениет үйінің төрінде жиналған тұрғындарды округ әкімі Есенғали Есенханов құттықтап,  бірқатар азаматтарды Құрмет грамотасымен марапаттап, заттай сыйлықтар тапсырды.

Жиында еңбек  ардагері Бақтығали Мұқанов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев тамаша лебізін тәуелсіздігімен танылған елдің азаматтарына арнап, жақсылық тартуды табыс етті. Атап айтқанда, Шелек бастауыш партия ұйымының төрағасы, округ әкімі Есенғали Есенханұлының «Нұр Отан» партиясының, ал әкімшілік партия тобының жетекшісі Ержан Омаровтың ел Президенті Н.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталуы еді. Сондай-ақ, ардагер Әлібек Жәпекке, Т.Кенжебаев атындағы мектеп директоры Ардақ Қырықбайға аудан әкімінің Құрмет грамотасын, Абай атындағы мектеп жанындағы интернаттың меңгерушісі Айгүл Күлембаеваға Алғыс хатын салтанатты түрде табыс етті. Тәуелсіздіктің тағы бір тартуы – аудандық қорғаныс ісі бөлімінің қызметкері Дмитрий Диденко мен ұстаз Эльмира Ильясқызына Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалін кеуделеріне тақты. Тағдыр сыйлаған Тәуелсіздік мерекесі концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

 Х Х Х

Ақтоған ауылының клуб меңгерушісі Камал Тайзақова мен мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғайша Мықыбаеваның ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күнінің 24 және Желтоқсан оқиғасының 29 жылдығына арнап тарихи танымдық шара өтті.

Кітапханашы Баян Қошақаева кітап көрмесін ұйымдастырып, оқушылар мол мәлімет алды. Желтоқсан құрбандарын үнсіз еске алды. Тәуелсіздік құрметіне Гимн шырқалды. Жиында Қаражота ауылдық округінің әкімі Ерік Рахымбаев, ардагер апа Захида Мамлютова ауылдастарын қазақтың киелі құндылығы – Ел тәуелсіздігі мерекесімен құттықтады. Бас мейрам құрметіне 5 сынып оқушылары «Жас ұлан» қатарына қабылданды. Мектеп оқушылары ән айтып, би биледі. Мерекелік шара Гүлзат Шубаеваның орындауындағы «Қазақ елі» әнімен аяқталды.

Өз тілшіміз.

 

ххх

Қазақстан ауылдық округіне қарасты А.Н.Бубенцов атындағы орта

мектепте Тәуелсіздік күніне орай оқушылар арасында «Тәуелсіздікке тарту» атты жас ақындар мүшәйрасы өтті.

5-11 сыныптар арасында ұйымдасты-рылған сайысқа оқушылар тың дайынды-пен келіп,  жырдан шашу шашты.  Тәуел-сіздікке  деген  өздерінің жүрекжарды жырларын оқыған Қайрат Нұрбосын, Аймекен Бұрхан, Әсем Байғайып,  Әділет Серғали, Ербол Медетбекұлы сынды дарынды оқушылар көрермендердің қошеметіне бөленді. Мерекелік жиында 40 жыл  бойы балаларды білім нәрімен сусындатқан ардагер ұстаз А.Ахметова оқушылар мен ұстаздарды мерекемен құттықтады. Мүшәйра соңында қазылар алқасы Қайрат Нұрбосынның «Тәуелсіздікке тарту» атты өлеңін үздік деп танып, бас жүлдені қанжығасына байлады.

Айта кетейік, аталған мектепте екі апта бойы тәуелсіздік күніне орай әртүрлі  шаралар өтуде. Сынып жетекшілері  «Тәуел-сіздік – ата-бабам аңсаған» атты ашық тәрбие сағаттарын өткізіп, оқушылардың ой-санасында тәуелсіздікке деген зор құрметтерін қалыптастырды. Тарих және құқықтану пәндері  онкүндігінде пән мұғалімдері өздерінің ашық сабақтарын тәуелсіздік күнімен байланыстырып, тамыры терең тарихымыз жайлы айта келіп, тәуелсіздіктің бізге оңай жолмен келмегендігі жайында оқушыларға жан-жақты мағлұмат берді. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері де тәуелсіздіктің құрметіне  оқушылар арасында әр түрлі спорттық сайыстар өткізді.

 

Сара ДАМБА,

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі.

Оқылды 3055 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Қасиетті мерекеде Қасиетті мерекеде »

Соңғы жаңалықтар

Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

Мен Абуханов Серік Егізбайұлы, 1985 жылы 28 маусымда Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ …

Мен Шынғожа Айбарұлы Тикельдиев, 1991 жылы 28 тамызда Еңбекшіқазақ ауданы Қазатком…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

Мен Умербеков Талғат Алтынбекұлы, 1965 жылы Шелек ауылында дүниеге келдім. 2007 жылы…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ САЙЛАУШЫЛАРЫ! Мен, Алдибеков Саят Болатбекұлы Алматы…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

Мен Сарғожанов Ринат Серікқанұлы, 1984 жылы 29 қазанда Есік қаласында туылдым. 2011 жылы…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

Мен Елубай Еламан Рауанұлы, 1996 жылы 7 қаңтарда Еңбекшіқазақ ауданы Тескенсу ауылында…
Мам 28, 2025

Жіті енжар паралич (полиомиелит)

Жіті енжар паралич – адамның жүйке жүйесін зақымдайтын және сал ауруына әкелетін…
Мам 28, 2025

2025 жылы Қазақстанда ауыл…

2025 жылдың 1 тамызы мен 20 қазаны аралығында елімізде Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы…
Мам 26, 2025

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Еңбекшіқазақ» газетінің (бұдан әрі газет) және mezet.kz желілік басылымының (интернет…

Күнтiзбе

« Маусым 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет