Жұма, 08 Қаңтар 2016 12:29

Адамдықтың белгісі

«Қайырымдылық жасау – бабалар өсиеті, адамның жеке қасиеті» дейді «Елім-ай» қоғамдық қорының төрағасы Жаңаберген Мұхамедов. Жақында осы ұстанымды бағдар еткен қоғамдық қор төрағасы 10 адамға қайырымдылық көрсетті. Арысы Бәйдібек би, берісі Есік қаласынан келген аз қамтылған отбасыларының кемі үш көрпе мен ыдыс-аяққа қол жеткізді. Алды болса, газ құрылғысы, кілем, тіпті 50 шаршы метрлік линолеуммен көңілдері бір сергіп қалды.

 

Жаңа жылдық жағымды жайтқа Түрген селолық округінің әкімі Бота Елеусізова арнайы қатысты. Ізгі тілегін де білдірді:

– Шыны керек,  Жаңаберген Мұхамедовтың төрағалығындағы бұл қор биылдың өзінде аудан аумағында ауқымды шаралардың ұйытқысы болды. Оны БАҚ беттерінен оқып, біліп отырсыздар. Бүгін осы игіліктің жалғасы Сіздерге де жетті. Округімізде бас болып қаншама отбасыларына да көмек қолын созды. Осындай жомарт жүрек жандарымыз көбейсін, – деді.

Қайырымдылықтың мән-жайын сұрағанымызда Жаңаберген Мұхамедұлы:

– Бұл менің ғана еңбегім деп айтуға келмейді. Бұнда осы түргендік тұрғындардың да көмегі зор. Мен тек ұйымдастырушымын. Кейбір кәсіпкерлеріміз тауар сатып алғанда кейбірінің жібі аз-кем сөгіліп қалады. Немесе шегесі алғашында дұрыс қағылмай жиһазды кішкене бүлдіріп алады. Оны лақтыруға да қимайды. Сондықтан аз-кем қайырымдылық болсын деп осында әкелді. Айталық, мына кілемдердің басым көпшілігінің шетіндегі жібі сөгілген. Ал оны ішке қайырып тіксе болғаны – біраз жыл іске жарайды, – деп ағынан жарылды.

Кейіннен Бота Серікқызы:

– Енді округімізде осы жұмысты жандардыру мақсатында қайырымдылық қабылдау пунктін ашуды жоспарлап отырмыз.  Пункт округіміздегі мәдениет үйінде болады. Мұнда арнайы осы мәдениет үйінің маманын бекітеміз. Аптасына екі күн қабылдайды. Кез келген кәсіпкер, тіпті, тұрғындарымыз өз ниеттерімен заттарды әкелуіне болады. Бәрі де жазылып отырады. Кейін жиналған соң, аз қамтылған отбасыларына тегін таратамыз. Өз қалауларынша керегін алады, – деп жаңа жылғы жоспарын да жария етті.

Айтып өтейік, «Елім-ай» қоғамдық қоры қой жылында толағай қошеметке бөленді. Қор төрағасы Жаңаберген Мұхамедов Астанада өткен республикалық «Қайырымдылық керуені» меценаттар форумына қатысып келді. Кейіннен облыс әкімінің, Елбасының Алғыс хатына ие болды. Бұл турасында:

– Әрине, марапат алу – құрмет. Бұл – еңбегіңнің еленгені әрі алдағы жұмыс істеуіңе шабыт береді. Осы тұрғыда бізге жан-жақты қолдау көрсетіп отырған аудан әкіміне алғысымды білдіремін, – дейді Жаңаберген Мұхамедов.

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 4415 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Адамдықтың белгісі Адамдықтың белгісі »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет