Бейсенбі, 14 Қаңтар 2016 09:52

Жергілікті полиция қызметіне кірісті

Жақында Есік қаласының әкімі Бауыржан Бименов, аудандық  жергілікті  полиция қызметінің басшысы подполковник Айдос Жүнісов аудан орталығындағы тәртіпті бақылайтын учаскелік полиция инспекторларымен жиын өткізді. Ондағы мақсат – жылдық жоспарды жүйелеу, қордаланған мәселелерді талқылау.

 

Бірінші – тазалық мәселесі күн тәртібінде қаралды. Ол турасында қала әкімі Бауыржан Мыныханұлы:

– Қазіргі таңда көп қабатты үйлердің тазалығы  көңіл көншітпейді. Себебі, өздеріңіз де білесіздер, онда жартысына жуығы пәтер жалдап тұрушылар. Қысқасы, тазалықпен бас қатырмайды. Есігін қақсаңыз, үй иесімен сөйлесіңіз, менің ша-руам жоқ дейді. Одан қалса ауласында қоқыс тастайтын жәшіктер де жоқ немесе талапқа сай келмейді. Үшіншіден, қоқыс шығарушы ұйыммен келісімшарт жасаспайды, – дей келе:

– Ең бірінші осы мәселені қолға алуымыз керек. Бұл – біздің ортақ мекеніміз. Ендігі кезекте тәртіпке бағынбайтын әр аулаға барып, қатаң ескерту қағаздарын береміз. Оған көнбесе айыппұл жазамыз. Екіншіден, облыстық мәслихатта бекітілген көп қабатты үйлерді таза ұстаудың ережесі де қолымызда. Пәтер жалдаушы болсын, үй иесі болсын сол тәртіпке бағынуы тиіс. Осыны да қатаң бақылауға алуымыз қажет, – деп бірқатар нақты тапсырмалар да берді.

Сондай-ақ, жиын барысында базардағы тазалық та сын садағына ілінді. Арнайы рейд жүргізу жұмыстарын қолға алу керектігін баса айтты қала әкімі. – Қазіргі уақытта Есік бойынша 12 учаскелік полиция инспекторлары жұмыс істейді. Қылмысты болдырмау, оның алдын алу бойынша біріктірілген жұмыс жоспарын әзірлесек, алынбайтын қамал жоқ, – деді бұл турасында Айдос Жүнісов.

Қала әкімі Бауыржан Бименовтың айтуынша, 50 мыңға жуық тұрғыны бар аудан орталығының тазалығы қатаң бақыланбақ. Жұмысты жеңілдету мақсатында қаладағы бірнеше жерге қосымша бейнебақылаулар да орнату қолға алынған.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 2635 рет

Соңғы жаңалықтар

Там 07, 2025

Маймыл шешегі бойынша эндемиялық…

Маймыл шешегі - адамға ауа тамшылары немесе қарым қатынас арқылы берілетін зоонозды,…
Там 07, 2025

Сальмонеллездің алдын – алу.

Сальмонеллез - көбіне асқазан ішек жолдарын зақымдайтын, адам мен жануарларға ортақ, жиі…
Там 07, 2025

Адам папилломасы вирусына қарсы…

Адам папилломасы вирусы (әрі қарай АПВ) – адам ағзасында кездесетін вирустар тобы, олар…
Там 07, 2025

Парентеральды вирустық гепатиттердің…

 Парентеральді жұқпалар, ол – қан мен адам ағзасындағы басқа да сұйықтықтары (сілекей,…
Там 07, 2025

Парентеральды вирустық гепатиттердің…

 Парентеральді жұқпалар, ол – қан мен адам ағзасындағы басқа да сұйықтықтары (сілекей,…
Там 07, 2025

Листериоздың алдын алу

 Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Там 07, 2025

Ұлттық байқаудың үздіктері анықталды

2025 жылғы 31 шілдеде Алматы облысында «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының облыстық…
Там 07, 2025

Мерейтой биік мәртебесінде

Абайдың тойы – ғаламның, ғаламдағы бар адамның той десек артық айтқандық емес. Әсіресе…
Там 07, 2025

Алматы облысының әкімі жол жөндеу…

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «Кеген–Нарынқол» автомобиль жолының жөндеу…

Күнтiзбе

« Тамыз 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет