Бейсенбі, 14 Қаңтар 2016 09:54

Медицинадағы кемшіліктер талқыланды

Медициналық құжатты қате толтыру, диагнозды дұрыс қоймау, өз жұмысына салғырт қарау – бүгінде   медицина саласындағы басты кемшіліктер. «Ел дамуының жаңа кезеңіндегі мемлекеттік саясаттың бір бағыты медициналық қызмет көр-сету сапасын жақсарту және денсаулық сақтаудың жоғары технологиялық жүйесін дамыту болуы керек» – деген еді Елбасы бір сөзінде. Иә, олқылықтың орнын толтыру үшін аз жұмыстар атқары-лып жатқан жоқ. Жақында аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқар-масында осы мәселе төңірегінде дөңгелек үстел өтті. Оған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының, ардагерлер кеңесі-нің, аудандық сот пен аудандық емхана, перзентхананың өкілдері мен адвокаттар алқасы, қоғамдық қорлардың төрағалары қатысты.

 

Алдымен жиылған көпшіліктің назарына тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының маманы Мардан Мейманов аудан тұрғындары арасында медицина қызметінің сапасын анықтау мақсатында жүргізген сауалнаманың қорытындысын ұсынды. Сонымен қатар, басқарма құрамынан ашылған тұтынушылардың құқығын қорғау бөлімінің басшысы Нұрлан Олжабаев бөлімнің қызметімен таныс-тырып, тұтынушылардың құқығы аяқ асты болмас үшін барын салатындықтарын жеткізді.

Санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы Ұлмекен Қанағатова аудандағы 110 медициналық мекеменің 76-сы тексерілгенін, оның ішінде 48 мекеме санитарлық талапқа сай келмейтіндігін айтты. Сәйкесінше, 46 медициналық мекемеге айыппұл салынған. Кемшіліктердің басым көпшілігі құжаттар мен ас мәзірі және залалсыздандыру кезінде орын алған. Жиын барысында сұрақтар мен шағымдардың негізгі бөлігі аудандық емхана бас дәрігерінің орынбасары Дидар Айтжановқа бағытталды. «Қамқор» мүгедектер қоғамдық қорының төрайымы Шолпан Бөкеева:

– Аудан аумағындағы емханаларда мүгедектерге арналған дәретхана мен пандустар жоқтың қасы. Сондай-ақ, аудандық емхананың жедел сатысы (лифт) көбіне жұмыс істемейді. Ал жасы келген қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға баспалдақпен көтеріліп-түсу оңайға соқпайды. Бұл мәселе қашан шешімін табады? – деп Дидар Айтжановқа сұрақты төтесінен қойды. Емхана басшысы орынбасарының сөзіне сүйенсек, жедел саты мәселесі қолға алынады, ал пандус-тар барлық 83 медициналық мекемелерде болмаса да, біртіндеп оң шешімін табуда. Оған қоса ғимараттардың басым бөлігі ескі болғандықтан, оларда мүгедектердің жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау қарастырылмаған. Айта кетейік, өткен жылдың 11 айында емханаға түскен 11 шағым талқыланып, оң шешімін тапқан. Ал аудандық сотқа былтыр сапасыз медициналық қызмет көрсетті деген шағым түспеген. Бұл туралы судья Ерлан Баймолдинов айтты.

«Жергілікті қауымдастықтар қорының» атқарушы директоры Бақытгүл Елшібаева.

– Ауданымызда еңбек мигранттары бар. Әсіресе, көрші қырғыз елінен келгендер. Ал олардың балалары немесе өздері ауырып қалса емханалар қабылдамайды. Бұл заңға қайшы емес пе? Өйткені, еуразиялық одаққа мүше елдердің азаматтары одаққа кіретін мемлекеттерде тең құқылы. Бізге осы мәселе бойынша қырғыз азаматтары хабарласып жатады. Осы олқылықтардың орны толтырылса, – деп өтінішін білдірді. Дидар Айтжанов та бұл тақырып талқыланатындығын жеткізді. Жиын соңында көпшілік осындай дөңгелек үстелдерді жиі өткізіп, емдеу ісінде болып жатқан келеңсіздіктердің алдын алу керектігін айтты.

Құрметті аудан тұрғындары, Сіз аудандық емханадағы келеңсіздіктер мен заңға қайшы іс-әрекеттерге куә болсаңыз емхананың 7-32-56 сенім телефонына хабарласып шағым түсіре аласыз. Ал аудандық перзентхананың сенім телефоны 7-12-97. Заң бұзушылыққа бірге тосқауыл болайық, құрметті оқырман.

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 3656 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет