Бейсенбі, 21 Қаңтар 2016 14:21

Боксшыларымыз биіктен көрінді

Жақында Жамбыл ауданы Аққайнар ауылында КСРО спорт шебері, КСРО чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, тарихи АҚШ-КСРО кездесуінің жеңімпазы, ҚР құрметті спорт қайраткері Жандос Кәкімовтың 70 жылдығына арналған бокстан жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті. Оған еліміздің түпкір-түпкірінен былғары қолғап шеберлері қатысты.

 

Аудан боксшылары да байрақты бәсекеден сырт қалмады. Тілек Манаптың бабынан шыққан Бекбосын Бегов (Рахат), Марат Қалғұлов (Өрікті), Еркебұлан Тілеулес (Рахат), Нұрсұлтан Нұрлан (Есік) үздік спортшылармен жұдырықтасып, өз өнерлерін көрсете білді. Нәтижесінде, Марат қалғұлов пен Бекбосын Бегов жүлделі ІІ орынның тұғырынан көрініп, Еркебұлан Тілеулес ІІІ орынды иеленді. Айта кетейік, жарысқа бокс-тан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ғани Жайлауов арнайы қатысып, жастардың өнеріне оң бағасын берді. Сондай-ақ, шеберлік сыныбын көрсетіп, естелік суретке түсті.

– Бұл біз үшін үлкен сынақ болды. Оған қоса, алда келе жатқан республика чемпионатына деген дайындық – дейді бапкер Тілек Манап.

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 4100 рет

Соңғы жаңалықтар

Там 07, 2025

Маймыл шешегі бойынша эндемиялық…

Маймыл шешегі - адамға ауа тамшылары немесе қарым қатынас арқылы берілетін зоонозды,…
Там 07, 2025

Сальмонеллездің алдын – алу.

Сальмонеллез - көбіне асқазан ішек жолдарын зақымдайтын, адам мен жануарларға ортақ, жиі…
Там 07, 2025

Адам папилломасы вирусына қарсы…

Адам папилломасы вирусы (әрі қарай АПВ) – адам ағзасында кездесетін вирустар тобы, олар…
Там 07, 2025

Парентеральды вирустық гепатиттердің…

 Парентеральді жұқпалар, ол – қан мен адам ағзасындағы басқа да сұйықтықтары (сілекей,…
Там 07, 2025

Парентеральды вирустық гепатиттердің…

 Парентеральді жұқпалар, ол – қан мен адам ағзасындағы басқа да сұйықтықтары (сілекей,…
Там 07, 2025

Листериоздың алдын алу

 Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Там 07, 2025

Ұлттық байқаудың үздіктері анықталды

2025 жылғы 31 шілдеде Алматы облысында «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының облыстық…
Там 07, 2025

Мерейтой биік мәртебесінде

Абайдың тойы – ғаламның, ғаламдағы бар адамның той десек артық айтқандық емес. Әсіресе…
Там 07, 2025

Алматы облысының әкімі жол жөндеу…

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «Кеген–Нарынқол» автомобиль жолының жөндеу…

Күнтiзбе

« Тамыз 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет