Бейсенбі, 05 Мамыр 2016 15:09

Ардагерлерге арналған аллея

Қайғы-қасіретімен халықты зар жылатқан Отан қорғау соғысы Жеңіспен аяқ-талғанда:

Қан майданды қақ жарып,

Аман келсе жауынгер;

Ауыл түгел қарсы алып,

«Нағыз ер» деп таныды ел.

Келмей қалса біліп пе ең,

Өзіңдей жас арыстан.

Тосып ана үмітпен,

Қабырғасы қайысқан.

Әр ауылда бірі әкеден, бірі баладан, бірі жардан, енді бірі бауыр-туыстан айырылып, аза тұтса да, азат күн орнаған қуанышқа тәубе айтып, бейбіт күннің берекесін беріктеуге жұмылды. Жанды жадыратқан Жеңістің шуақты нұрын шашқанына да, міне, 71 жылдың жүзі болыпты.

 

Жылда Жеңіс күнін зор құрметпен қарсы алатын Достық ауылының соғыс ардагерлерінен көзі тірі бірде-бірі қалмапты. Жаңа типті ғимаратқа көшкен Қаратұрық орта мектеп ауласына Ұлы Жеңістің 70 жылдығы құрметіне тұрғындар жұмылып, соғыста қыршын кеткені, аман оралғаны бар, барлық Отан қорғаушыларға арнап ескерткіш орнатқан болатын. Биыл да мектеп ұжымы, ауыл ағалары бастап, қалғандары қоштап, өз қаржыларына Отан үшін отқа түскен 54 ардагерге «Ерлікке тағзым» ескерткіші қасындағы алаңға ақ қайың көшетін отырғызып, «Ардагерлер аллея-сын» салтанатты түрде ашты. Мектеп директоры демеуші болып, Даңқ бағының алдына раушан гүлдерін құлпыртып, қуаныштың көзайымына айналдырыпты.  Соғысқа қатысқандар отбасы батыр ата-бабаларының суретін үлкейтіп жасатып, тақтайшаға іліп, «рухы өлмейтін ерлер» ретінде құрметтеп, Жеңіс шеруінде аттарын асқақтатпақшы. Құптарлық іс.

– Кейінгі жастар ерлікті ұран етіп, соғыс ардагерлерінің өмірінен үлгі алсын деген мақсатта осындай игі шараларды қолға алдық. 50-60 жастан асқан біз сияқты ересектер ескеріп, Отан үшін от кешкен, келешек үшін қан төккен  асқар тау – азаматтарымызды әспеттемесек, қазіргі өскіндер қайдан білсін. Жастарды осындай өз ата-бабаларының өнегелі өмірін үлгі ету арқылы отансүйгіштік, патриоттық сезімге тәрбиелеуіміз керек. Алдағы уақытта әр ақ қайың түбіне мәрмәр тастан есімдері жазылған тақтайша, суреттері ілінеді. Ал, аллеяға /саяжолға/ отырызылған ағаштарды жас ұрпақтар күтіп-баптап өсіретін болады және мектеп түлектері естелік суретке түсіп, ұрпақтарына үлгі етеді, – дейді ауыл ағасы Әшім Садиров.

Иә, ерлік ешқашанда ұмытылмайды. Келешек үшін қан төгіп, Отан қорғап, от кешкен сарбаздардың бәрі – батырлар. Ерлер есімі елімен бірге мәңгі жасайды.

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 3021 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет