Жұма, 03 Маусым 2016 13:49

Тәуелсізбін, Желбірейді көк Туым!

Тамырымда Көкбөрінің қаны бар,

Жүрегімде қас қыранның ары бар.

Ауылыма аттың басын бұрмастан,

Алдыменен мені жақсы танып ал.

 

Қазақ дейтін халық болам мен деген,

Кіндігім бір көк аспанмен, жерменен.

Қыран болып көтеріліп көгіңе,

Күн нұрымен қанатымды сермегем.

Тұлпар мініп, тасты уатып, түн қатып,

Жат қолына тоқымдай жер бермеген.

Бес жасында асау мініп ұлдарың,

Он үшінде жауға қылыш сермеген.

Жүрегіне қанжар қадап жатса да,

Намыс туын төмендетіп көрмеген.

Тәуелсізбін,

Желбірейді көк Туым,

Сан мың ғасыр бабаларым шөлдеген.

Көк туым бар көк аспанның түсіндей,

Желбіретем мәңгі жерге түсірмей.

Қыран болып қанатыммен қорғаймын,

Таңбадағы тұлпар кеуде мүсіндей.

Тыныштықты қорғап тұрған ұланмын,

Төнбесін деп басымызға мұнар күн.

Қанжар азу, Көкбөрідей қайсармын,

Ашуыма тисе атып шығармын.

Шеңгелінде мерт болатын Шерхандар,

Болат топшы, қылыш қанат қыранмын.

Ел басына екіталай күн туса,

Алашты атқа қондыратын Ұранмын!

 

Даубай ӘБДІСАЕВ.

Оқылды 4116 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Көміртегі тотығымен уланудың алдын…

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған…
Қар 03, 2025

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып…
Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет