Бейсенбі, 30 Маусым 2016 15:12

Малыбай төрінде бұлбұлдар ән салды

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй – деп хакім Абай жырлаған жақсы әннің құдіреті өз биігінен түскен емес. Тамылжыта салған орындаушының даусы мен әуезді әннің ырғағына тамсанып, елжіремейтін жан кемде-кем шығар. Жақында Малыбай жұртшылығы осындай күйді бастан кешті. Ауылдық мәдениет үйінде аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Voice» байқауы өтті.

 

Аудандық шарада ауылдық округтерден келген 18 қатысушы өз бақтарын сынады. Байқау ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналғандықтан, мұнда тек патриоттық тақырыптағы әндер орындалды. Жастардың өнеріне жастар ресурстық орталығының бас кеңесшісі Сұлтан Тойғанбай, мәдениет үйінің директоры Валидин Бахамов және аудандық мәдениет үйінің әншісі Құралай Сәбетова төрелік етіп, әділ бағаларын берді. Малыбайлықтар қатысушылармен бірге ән шырқап, қолдау білдірді. Күміс көмей ұл-қыздардың өнеріне таңырқап, оң бағасын берді.

Кіл мықтыда, кім мықтыны анықтау қазыларға қиынға түсті. Бірінен-бірі асып түсетін әншілерді бөліп-жару оңай соқпаса да, жарыстың аты жарыс. Қазылар алқасының шешімімен үш жүйрік мәреге қатар келді. Ұпайлары тең түскен олар музыкалық сүйемелдеусіз ән орындап жарысты. Нәтижесінде, рахаттық Гүлсезім Тазабек (суретте) І орынды иеленіп, облыстық байқауға жолдама алды. ІІ орынға Бәйтеректің бұлбұлы Тоғжан Қажымұратқызы жайғасып, ІІІ орын асылық Айдана Қуанышқызына бұйырды. Сонымен қатар, «Көрермендер көзайымы» номинациясын сөгетілік Әлима Нұрданәлі еншіледі. Тескенсулық Орынбасар Кәдірбай «Ең кішкентай өнерпаз» атанды. Жеңімпаздар алғыс хаттармен марапатталды.

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 3044 рет

Соңғы жаңалықтар

Нау 29, 2024

Көктерек қашан «ауыл» болады?

Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…
Нау 29, 2024

Аудан әкімі тағайындалды

Кеше аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХІХ сессиясында аудан әкімі лауазымынаТалғат…
Нау 29, 2024

Межелер пысықталып, жоспарлар…

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы…
Нау 18, 2024

Құрылтай

Кешегі Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомат Тоқаев күн…
Нау 14, 2024

Түйінді түйіткілдер оң шешімін…

Жуырда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн…
Нау 07, 2024

Аудан әкімінің міндетін атқарушы …

Ардақты ақ жаулықты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні…
Ақп 22, 2024

Отбасы – тәрбие бастауы

Жақында Азат орталау мектебінде Рахат округінің аналар кеңесінің төрайымы Райхан…
Ақп 22, 2024

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Есік қаласында ауқымды…

Күнтiзбе

« Наурыз 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет