Бейсенбі, 11 Тамыз 2016 11:06

Қаладағы құрылыс жұмыстары қарқынды

Жақында аудан әкімі, «НұрОтан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Бинәлі Ысқақ пен аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов бастаған топ Есіктегі құрылыс жүргізіліп жатқан бірқатар нысандарды аралады. Ондағы атқарылған жатқан ауқымды істерді көзімен көрді, лайықты бағасын да берді. Сонымен...

 

Алғашында атқамінерлердің сапары В.Терешкова атындағы орта мектептегі күрделі жөндеу жұмыстарын бақылаумен басталды. Құрылысты «Еңбек» ЖШС 135 млн теңгеге жүргізіп жатыр. Сонау 1972 жылдары салынып, күні бүгінге дейін жөндеу көрмеген білім ошағы жаңа оқу жылында бұйыртса, білімгерлерін түрленген кейпінде қарсы алмақшы. Жан-жақты зерделеген аудан басшысы «Бұл біздің болашақ ұрпағымыз оқитын білім ордасы. Сондықтан құрылыс сапасына ерекше мән беру керек» – деді.

Талай жылдан бері нашақорлар мен нәпсіқұмарлардың ошағы болған Шабалдинка бүгінде жастар саябағына айналып, қаламызға сән бермекші. 130 млн теңгеге ұтып алған мердігері – «Сұңқар» ЖШС. Аудан басшысына жан-жақты құрылыс жұмыстарын түсіндірген мердігер басшысы Ибрагим Кибировтың айтуынша, Шабалдинканың шырайын кіргізу оңайға соққан жоқ. Тонна-тонна түрлі қоқыстардан тазартудың өзіне айға жуық уақыт кеткен. Енді бірер айдан кейін жастар үшін арнайы би алаңы, веложолдары мен 1000-ға жуық көрерменді еркін қабылдай алатын концерттік алаңы бар саябақ жұмысын бастайды. Бастысы, кезінде қолдан жасалған Шабалдинка көлі де қалпына келеді. «Көлдің суы уақытында тазартылып отырсын. Қауіпсіздік ережелері де бекітіліп, талапқа сай жүргізілсін. Себебі, тереңдігі 4 метрге дейін болады ғой», – деді Бинәлі Әбдіқапасұлы бұл турасында. Сондай-ақ: «Арнайы балалар ойнайтын әткеншектерді  қоюды қазірден жоспарлаңыздар. Кәсіпкерлерді тартыңыздар. Сонымен қатар, әжелеріміз бен аталарымыз немерелерін ертіп келеді. Үлкендерімізге де жағдай жасалатын болсын. Себебі, бұл демалыс алаңы. Мұнда келген халық осыны сезінуі тиіс», – деді.

Тағы бір мақтанарлық жайт, арнайы субұрқақтарды орнатуды да қатаң тапсырды Бинәлі Ысқақ. «Су бар, бөлінген жері де бар. Неге субұрқақтарды орнатпасқа? Осыны қолға алыңдар». Сонымен қатар қураған ағаштарды да алып тастауды ескертті: «Орнына сапалы жас талдарды егеміз. Бірер жылда талымыз терекке айналып, көркі көз сүріндірерлік күйге енеді» деді.

Түмен ойдың түйіні, қазіргі уақытта жөндеу жұмыстарының 60 пайыздан астамы тәмамдалған саябақ 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне ашылады деп күтілуде. Сөзбен емес іспен жастарға қолдау білдіріп жатқан аудан басшыларының ел ертеңіне деген сыйын көруге біз де асықпыз.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 3476 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет