Жұма, 23 Қыркүйек 2016 10:06

Жалған кәсіпкерлікке тосқауыл керек

Жақында аудандық мемлекеттік кірістер басқармасында жалған кәсіпкерліктің алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өтті. Жиынға «Нұр Отан» партия-сы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғожаев қатысты. Дөңгелек үстелді мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Батырбек Бектібаев жүргізді.

 

Алғашқы болып сөз алған облыстық мемлекеттік кірістер департаменті Салық және кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасының салық аумағындағы құқық бұзушылықтарды тергеу бөлімінің аға тергеушісі Анар Идельбаева жалған кәсіпкерлік туралы баяндап, онымен жұмыс жүргізген кәсіпкерлер құқық бұзушылыққа ұрынатындығын жеткізді. Айтуынша, осындай жалған кәсіпкерліктің салдарынан, қазынамыз миллиондаған қаржыдан қағылады. Бұл өз кезегінде, көлеңкелі бизнестің белең алуына жол ашады. Сондай-ақ, аудандық кірістер басқармасы әкімшіліктендірілген заңды тұлғалар бөлімінің басшысы Бекзада Қуандықова да жалған кәсіпкерлік салықтан жалтарып қана қоймай, ел экономикасының құлдырауына әкеп соғатындығын жеткізді. Дөңгелек үстелге қатысушы кәсіпкерлерді осындай алаяқтардан аулақ болуға шақырды. Егер келісім-шарт жасау барысында күмәнді жайттар туындай қалса, кірістер басқармасына дереу хабар беру керектігін ескертті. Жиын соңында қатысушылар көкейде жүрген сауалдарына жауап алды.

 Сардарбек НҰРАДИН. 

Оқылды 3850 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Көміртегі тотығымен уланудың алдын…

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған…
Қар 03, 2025

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып…
Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет