Алғашқы болып сөз алған облыстық мемлекеттік кірістер департаменті Салық және кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасының салық аумағындағы құқық бұзушылықтарды тергеу бөлімінің аға тергеушісі Анар Идельбаева жалған кәсіпкерлік туралы баяндап, онымен жұмыс жүргізген кәсіпкерлер құқық бұзушылыққа ұрынатындығын жеткізді. Айтуынша, осындай жалған кәсіпкерліктің салдарынан, қазынамыз миллиондаған қаржыдан қағылады. Бұл өз кезегінде, көлеңкелі бизнестің белең алуына жол ашады. Сондай-ақ, аудандық кірістер басқармасы әкімшіліктендірілген заңды тұлғалар бөлімінің басшысы Бекзада Қуандықова да жалған кәсіпкерлік салықтан жалтарып қана қоймай, ел экономикасының құлдырауына әкеп соғатындығын жеткізді. Дөңгелек үстелге қатысушы кәсіпкерлерді осындай алаяқтардан аулақ болуға шақырды. Егер келісім-шарт жасау барысында күмәнді жайттар туындай қалса, кірістер басқармасына дереу хабар беру керектігін ескертті. Жиын соңында қатысушылар көкейде жүрген сауалдарына жауап алды.
Сардарбек НҰРАДИН.