Жұма, 06 Қаңтар 2017 14:01

Береке-бірліктің қайнар көзі

Отбасы – шағын мемлекет. Мемлекетті құраушы жанұялар отансүйгіш, белсенді болса, сәйкесінше, Отанымыздың келешегі де кемелденері ақиқат. Отбасындағы осындай құндылықтар ескеріліп, Президенттің арнайы Жарлығымен, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның ұйымдастыруымен соңғы бірнеше жылда елімізде ұлттық «Мерейлі отбасы»  байқауы өткізілуде. Оған мүшелері еңбекте, спортта, шығармашылықта, ғылымда жетістікке жеткен отбасылар қатыстырылады. Байқауда өткен жылы, яғни, 2016 жылы ауданымыздан 18 жанұя бақ сынаған болатын. Аталған отбасылар жақында аудан әкімдігінде марапатталды.

 

Отбасын нығайту – қоғамдағы тұрақтылықтың, елдегі тұтастық пен келісімнің кепілі. Осы орайда Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «...Біздің қоғамда отбасы ұрпақтар байланыстырушысы, мәдениет пен дәстүрдің сақтаушысы болды және болып қала береді. Отбасы – береке-бірліктің қайнар көзі. Отбасының бірлігі – Отанның бірлігі, ағайынның татулығы – Атамекеннің тұтастығы. Біз жас ұрпақтың білімді, дені сау болуы, әрбір некенің мызғымас берік болуы, қарттардың зейнетті өмір кешуі үшін барлық жағдайды жасап келеміз. Бұл демографиялық ахуалға оң әсерін тигізуде» – деген болатын. Осындай қазақы құндылықтардың қаймағын бұзбай келер ұрпаққа насихаттап жүрген отбасылар бас қосқан жиынның басында сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Момунжан Исламов отбасы мүшелерін марапаттап қана қоймай, ұрпақ тәрбиесіне атсалысқан ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарға аудан әкімі Бинәлі Әбдіқапасұлының атынан алғысын жеткізді:

– Сандық технология дамып, жастарымыздың санасын ғаламтор жаулаған заманда келешекте еліміздің тұтқасын ұстар азаматтарға жөн сілтер адамдар өздеріңіз ғана. Болашаққа бағдар беріп, дұрыс жол нұсқайтын да өздеріңіз. Байқаудың мақсаты да сол. Жастардың бойында адамгершілік құндылықтарды қайта жаңғыртуға, отбасы мәртебесін көтеруге бағытталған. Сондай-ақ, отбасы институты, руханилықты, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігін, отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-аналарға қамқорлық жасауға үгіттеу, қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттауға қосқан үлестеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін – дей келе отағаларына алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарын табыстады. Соның ішінде Сарыбұлақ ауылынан келген Жұмақановтар отбасын облыс әкімі Амандық Баталовтың Алғыс хатымен марапаттады.

– «Жасарымызды жасап, асарымызды асадық» – деп отырмай, бәріміз Тәуелсіз Қазақстанның келешегін жарқын ету жолында еңбек етуіміз керек. Ал біздің қолымыздан келері – ел келешегі – жастарды дұрыс жолға салып, оларға қамқор болу. Осы жолда тер төгіп жүрген отбасылардың бар екендігі бізді қуантады – дейді «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысушылар. Бірауыздан осылай деген отбасының ақсақалдары сайыстың ұйымдастырушыларына ризашылықтарын жеткізіп, елдің тыныштығы жолында аянбай тер төгетіндіктерін жеткізді.

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 3842 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет