Жұма, 06 Қаңтар 2017 14:20

Қазақ педагогтарының атасы

Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық...

Қазақтың тұңғыш ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсарин ХІХ ғасырдың екінші жартысында жастарды оқу, білімге үндеп, жар салған осы өлеңі мектеп табалдырығын аттаған әр балаға таныс. Не бары 48 жыл өмір сүрген қазақ педагогтарының атасы ең алғаш Ұлы Дала елінде мектеп ашып, өзі айтқандай, «балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай өте қызу кірісті».

 

Ұлдардың өзін оқытуға қырын қараған қытымыр заманда қыздарды оқыту, оларға арнап мектеп-интернаттар ашуды іске асыруы шын мәнінде нағыз азаматтық ерліктің үлгісі еді. Ыбырай оқу-ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық әдістемелерін қолдана отырып, білімнің балаларға ана тілінде берілуіне айрықша мән берді. «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулық, «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты дидактикалық оқу құралын жазды. Бұл кітаптарындағы оқушыны отансүйгіштікке, еңбекке, кісілікке тәрбиелейтін ғибратты шығармалары ешқашан да өзінің мән-мағынасын жоймақ емес. Шелек ауылындағы ағартушы аталарының атындағы мектеп ұжымы мәдениет үйінің төрінде «Шырағын жаққан білімнің» атты тарихи-танымдық әдеби кеш өткізді. Бұл мерекеге  ауылдың барлық оқу орындарынан келген өкілдер, оқушылар, ата-аналар қуанышының құрметіне арнап ақ жаулықты ардагер ұстаздар шашу шашты.

Аса көрнекті ағартушы-педагог қана емес, жазушы, этнограф, фольклоршы Ы.Алтынсариннің өмірбаяны мен қоғамдық-саяси өмірдегі орасан еңбегі, мектептегі жетістік жайлы аталмыш оқу орнының директоры, ҚР білім беру ісінің үздігі Мүслима Ахметжанова баяндама жасады. Одан кейін оқушылар аталарының өмір жолдарынан өзі болып естелік сөздерін оқыды. Өнер сүйген оқушылар – республикалық «Асыл мұра» байқауының лауреаты, ІІ-орын иегері «Ғасырлар үні» домбырашылар ансамблінің /жетекшісі жоғарғы санатты ұстаз Г.Жылқыбаева/ орындауында «Қоңыр», «Ерке сылқым», ал қыздар квартеті Құрманғазының «Балбырауын» күйлерімен құлақ құрышын қандырды. «Талантты іздейміз – 2015» республикалық ән байқауының бас жүлдегері Қарақат Аршын «Домбыра туралы дастан» және осы байқаудың І-орын жүлдегері Нұрлан Дидармен «Қазақтай ел қайда?», «Өз елім» әндерін шырқады. Ал «Жас ұландар» ұлдар вокалдық тобы «Алатау», «Қыздарай» вокалдық тобы «Орда – туған мекенім» әнін әуелете орындады. Республикалық, облыстық жыр мүшәйраларының жеңім-пазы Мәдина Оқас Ыбырай атасына арнау өлеңін оқыса, халықаралық «Ғұмырдария», республикалық «Асыл мұра» байқауларының І-ші, «Жетісу жұлдыздары» байқауының ІІІ-орын жүлдегері Әсел Рақым-жан Жәнібек Кәрменовтың «Толғауын» жүрекке жеткізе жырлады. 8 сынып оқушылары аталарының өлеңдерін кезекпен мәнерлеп оқып, елді риза етсе, тағы бір топ талаптылар «Таза бұлақ», «Мақта қыз бен мысық» әңгіме-ертегілерін сахналап, қошаметке ие болды. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндер «Шаттық» биін билеп, Ұстаз, оқушылар хормен «Бақытты ел – Қазақстан» әнін әуелете мерейлі той мерекесін аяқтады.

Шелек селолық округі әкімінің орынбасары Мәди Бектасов, ардагерлер алқасының төрағасы Әбілбек Айтақынов, аудандық білім бөлімінің бас маманы, ардагер ұстаздар қорытынды сөз сөйлеп, мектеп ұжымын мерекелерімен, жетістіктерімен құттықтап, жақсы лебіздерін білдірді.

Өнер-білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды;

Айшылық алыс жерлерден,

Көзді ашып-жұмғанша

Жылдам хабар алғызды...

Теңізде жүзді балықтай,

Дүниені кезді жалықпай...

Біз де бекер жатпалық,

Осылармен таныспай,- деп жырлағандай қазақ халқының көзі ашық, еркін өмір сүруін аңсаған ел ұлы, ұрпақтың ағартушы ақсақал атасының арманы орындалды. Қараңғы қазақ еліне білім шырағын жаққан Ыбырай Алтынсариннің бұл тұрғыда еңбегі ерен. Лайым, бақытымыз баянды болғай!

Анарбек МӨКІШҰЛЫ.

Оқылды 3108 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Қазақ педагогтарының атасы Қазақ педагогтарының атасы »

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет